Орал қалалық сотының төрағасы қамауға алынды

Қаракөз Амантай 08 нояб. 2024 13:20 2940

5 қазан күні Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұловтың пара алу күдігі бойынша ұсталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мой Город басылымы әлемжеліде тараған мәліметтерді негізге ала отырып, судья мен екі адвокат пара алу кезінде ұсталғанын алға тартты. Олар сотталған азаматқа қатысты оң шешім шығару үшін 1,5 миллион теңге көлеміндегі соманы қолды етпек болған.

Басылым мәліметінше, Руслан Жұмағұловты қамауға алу санкциясы бойынша өтінішті Астана соты қарады. Елордалық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылғы 6 қараша күні сотқа аға тергеушінің Руслан Жұмағұловқа қатысты 10 күнге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші түскен.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен күдікті Жұмағұловқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініш қанағаттандырылды. Сотта адвокаттарға қатысты материалдардың тергеу сотына келіп түспегені де атап өтілді.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жарияланбайды.


Рекомендовать
Последние новости