Оңтүстікте Жолдауды насихаттайтын топ жұмысын бастады

Dalanews 26 янв. 2018 04:00 825

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа арнаған Жолдауын насихаттайтын ақпараттық түсіндіру топтары жұртшылықпен кездесуін бастады. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен құрылған жұмысшы топ 15 аудан, қаладағы 45 елді мекеннің тұрғындарымен кездесіп, басты құжаттағы он міндетте кеңінен түсіндірмек.

Жетекшісі облыс әкімінің орынбасарлары болып келетін бес топтан құралған түсіндіру тобы алғашқы сапарларын   Түркістан, Кентау қалалары мен Мақтаарал, Бәйдібек, Түлкібас ауданынан бастады.

Кездесу барысында ақпараттық топ Мемлекеттің басты құжаты еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде айрықша орын алатынын атап өтті. Сондай-ақ олар жыл құжатындағы негізгі бағыттар Қазақстанның әлемдегі экономикалық, әлеуметтік және технологиялық салалардағы терең және қарқынды өзгерістерге бейімделуіне мүмкіндік беретінін жеткізді.

Сонымен бірге әр саланың мамандарынан құралған топ мүшелері стратегиялық құжатта айтылған басым бағыттардың маңыздылығына тоқталып, тұрғындардың өтініштері мен сауалдарына жауап берді.

Кездесу барысында топ жетекшілері оңтүстікқазақстандықтар Елбасымыздың бастамаларын қолдап, оларды іске асыруға белсенді қатысып, облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бар күш жігерін салатынына сенім білдірді.

 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости