Оңтүстік өңірде 379,3 мың гектар алқапқа дән себілді

Dalanews 04 апр. 2019 10:41 991

Түркістан облысында Орталық Коммуникациялар Қызметінің арнайы көшпелі алаңында 2019 жылғы егіс науқанын бастауға арналған баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз маслихатына ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Ақпар Мәуленов, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімінің бастығы Саят Әетов және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов қатысты.

Биылғы жылы 22 млн. гектардан астам жерді жырту жоспарланып отыр. Бидай алқаптарын, суда өсетін дақылдарды қысқарту және бос тыңайған жерлерді игеру есебінен майлы, жарма, дәнді-жемдік, бұршақты, жемдік дақылдар сияқты сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті дақылдардың алқаптары айтарлықтай ұлғаяды. (арпа және дәндік жүгері – 57,2 мың га, қант қызылшасы-2,6 мың га, жемдік дақылдар-654,1 мың га.)

Энергетика министрлігінің келісімі бойынша наурыз-маусым кезеңіне – 380,0 мың тонна дизель отыны бөлінді (2018 жылы 375,0 мың тонна). Егіс алқаптарының ұлғаюын ескере отырып, өңірлерге қосымша 5,0 мың тонна дизель отыны бөлінді. Отын өңірлерге бекітілген кестеге сәйкес жеткізілетін болады. Энергетика министрлігі МӨЗ – ден 160 теңге/литр (193,0 мың теңге/тонна) бағасын белгіледі, операторларды жеткізуді есепке алғанда, өңірлердегі орташа баға 176 теңге/литрді құрайды, бұл нарықтық бағадан 10% -ға арзан (ЖМС-195 теңге/литр).

2019 жылы "Кең Дала" бағдарламасы аясында АӨК субъектілерін несиелендіруге 60 млрд.теңге бөлінді, соңғы қарыз алушылар үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7%-дан аспайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге кредит беру кредиттік серіктестіктер арқылы - 13 млрд.теңге, екінші деңгейдегі банктер арқылы - 14 млрд. теңге және тікелей кредит беру – 33 млрд. теңге ("АКК"АҚ филиалдары арқылы) жүзеге асырылады. Бұлай бөлу   шартты, өйткені қаржыландыру өтінімдердің түсуіне қарай жүзеге асырылатын болады.

Ағымдағы жылы Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 824 мың га құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,8 мың га артық. Егістерді әртараптандыруға сәйкес бидай алаңы 174,8 мың га, мақта - 121,2 мың га, көкөніс, бақша дақылдары мен картоп - 124,2 мың га, майлы дақылдар - 100,6 мың га, дәндік жүгері - 45,9 мың га және жемдік дақылдар - 207,6 мың га құрайды.

Бүгінгі күні 175 мың га жаздық дақылдар егілді, оның ішінде көкөністер - 19,2 мың га, картоп – 9,4 мың га, бақша дақылдары – 15,4 мың га, жоңышқа – 40,5 мың га, арпа – 34,2 мың га, бидай – 7,8 мың га, сафлор – 48,5 мың га.

Сонымен қатар, минералдық тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына сәйкес, 96 мың тонна минералдық тыңайтқыштарды субсидиялау жоспарлануда. Осы мақсаттарға 4,3 млрд. теңге мөлшерінде қаражат көзделген. Бүгінгі таңда облысқа 33 мың тонна минералды тыңайтқыш жеткізілді.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 18 мың бірлік трактор, 2 900 бірлік культиватор, 1 800 бірлік тұқым сепкіш, 12 900 бірлік соқалар дайындалды.

Айта кету керек, Түркістан облысында шамамен 55 мың ұсақ шаруашылықтарды біріктірген 627 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Тауар өндірушілер жаздық дақылдардың тұқымдарымен толық көлемде қамтамасыз етілген. Тұқым өндірумен 13 шаруашылық айналысады.



 

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Рекомендовать
Последние новости