Өнер адамдары тойдан тапқан табысқа салық төлеуі тиіс — қаржы министрі

Қаракөз Амантай 13 авг. 2025 16:36

Қазақстанда өнер адамдары, соның ішінде әншілер мен әртістер тойдан түскен табысын міндетті түрде салық декларациясына енгізуі керек. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, Конституцияның 35-бабында әр азаматтың салық төлеу міндеті бекітілген.

“Қосымша табыс болса, салық төлеу қажет. Мысалы, әртістер тойларда өнер көрсетеді, түрлі іс-шараларға қатысады. Сол табысты жыл соңына дейін декларацияда көрсетуі тиіс. Жылдық табыс 31 наурызға дейін тапсырылады, ал салық сәуірдің 10-на дейін төленуі керек. Мөлшері – 10 пайыз”, – деді Тәкиев.

Оның айтуынша, бұл талап барлық қосымша табыс көздеріне, соның ішінде әлеуметтік желілерден немесе жарнамадан түскен кірістерге де қатысты болмақ.


Рекомендовать
Последние новости