Олигархтардың балалары қоғамдық орында төбелес шығарды

Dalanews 09 янв. 2023 16:06 1024

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурстары Алматы қаласы ПД олигархатардың баласының қатысуымен болған төбелесті тергеуге алғанын ҚазТаг жария етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Министрліктің ақпарат көзі ҚР Қылмыстық кодекстің 293 тармағы 2 бөлігі бойынша (төбелес) терегеу амалдары басталғанын жазған. Бірақ төбелеске қатысушылардың кім екенін атап көрсетпеген.

Төбелеске қатысушылардың дене жарақатын алғандықтан сот-медициналық сараптамасы тағайындалғаны мәлім болды. Дәл осы іс бойыша Алматы қаласы ПД тергеу басқармасы іс жүргізуді қолға алған. 


Ал «БАСЕ» Telegram каналы төбелеске олигарх Бахарадин Аблазимов пен  Дінмұхамет Ыдрысовтың балалары қатысқанын жазуда. Каналдың жазуынша, төбелеске олигархтардың баласымен бірге оққағарлары да қатысқанын мәлім етті.

Рекомендовать
Последние новости