«Олигархтар 45 млрд доллар жоғалтты». Алишер Усманов Еуропа кеңесін сотқа берді

Dalanews 10 мая 2022 03:07 1028

«Металлоинвест» компаниясының негізін қалаушы ұлты өзбек ресейлік миллиардер Алишер Усманов Еуроодақты сотқа берді.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, кәсіпкер Еуропа кеңесіне қарсы арызды 29 сәуірде тапсырған.

«Шағым беруші Еуропалық кеңестің өзіне қарсы салған санкцияларын алып тастауды талап етеді» делінген Еуропа сотының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін, ЕуроОдақ Ресейдің бірқатар лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлерге қарсы санкция салған. Олардың ішінде Алишер Усмановпен қатар Михаил Фридман, Петр Авен мен Алексей Мордашев та бар.

4 наурызда АҚШ-тың қаржы министрлігі Алишер Усманов компаниясын санкциядан босататын лицензия шығарды.

Санкция салдарынан ресейлік миллиардерлер 45 млрд доллар жоғалтқан. Алишер Усманов 1,63 млрд долларынан айырылған.


Сәуір айында Кипр Усмановтың туыстарын «алтын төлқұжатынан» айырған еді. Бұдан бөлек Ұлыбритания енгізген санкцияға Усмановтың екі қарындасы да бар.

Алишер Усманов Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің құдасы болып келеді. Шавкат Мирзияев билікке келгелі Алишер Усманов Өзбекстанға миллиондаған доллар инвестиция салды.

Рекомендовать
Последние новости