"Ол бұрынғыдай күлмейді". Зеленский 45 жасқа толды

Dalanews 25 янв. 2023 10:27 793

Бүгін Украина Президенті Владимир Зеленский 45 жасқа толды. Мемлекет басшысын әйелі Елена Зеленская Инстаграм парақшасында да құттықтап, сурет жариялады.

Маған "Жолдасың соңғы кезде қатты өзгерді" деп жатады. Ал мен "Еш өзгерген жоқ. Сол қалпы. Біз 17 жасымызда кездескен кездегі жас жігіт қалпында" деп жауап беремін.

"Ал шын мәнінде өзгерген бір нәрсе бар. Сен бұрынғыдай көп күлмейсің. Мысалы осы суреттегідей. Сондықтан сен күлуге себеп болатын нәрсе көбейсін. Ол үшін не керегін сен білесің. Біз де" деп жазды Украинаның бірінші ханымы.

Бұған Украина президенті Владимир Зеленский Ресей азаматтарына үндеу жасап, Кремль жариялаған мобилизация ел әскерінің сәтсіздігін көрсететінін атап өткен болатын. Ол мобиктерге:


– Елден кетіңіздер я бізге беріліңіздер. Бұл аман қалудың бірден-бір жолы.

Ресейде ер адамдарда өлу немесе өмір сүру деген таңдау бар. Ал әйелдер не күйеулерін, ұлдарын, немерелерін мәңгілікке жоғалтады, не оларды өлімнен, соғыстан аман қалуға тырысады.

Аналар, Ресейде шешім қабылдай алғандар ғана өз балаларын қорғай алады. Ал көнгендер тіпті жерленбей қалады, – деген болатын.

Рекомендовать
Последние новости