Нұрлан Ермекбаев: Назарбаевтың жаңа кітабы - елдің жаңа тарихындағы жылнама

Dalanews 15 дек. 2023 06:41 1467









"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарыққа шыққан "Менің өмірім. Бодандықтан бостандыққа дейін" атты кітабын автордан алғаным өзімді шынайы алғыс сезімге бөлеп, рухани қанағаттандырды" - деп жазады, экс Қорғаныс министрі, Қауіпсіздік кеңесін басқарған Нұрлан Ермекбаев.


[caption id="attachment_96323" align="alignnone" width="1378"] Фото: Nazarbayev.kz[/caption]

"Әлбетте енді еліміздің және шетелдің оқырмандары осы кітап арқылы біздің еліміздің қалыптасу және даму жолы туралы, осы күрделі кезеңдерде елімізді "бодандықтан бостандыққа" бастай білген көшбасшы тұлғаның жеке өмірімен ойлары туралы дәл сол кісінің өзінен терең түсінік алады деген ой келді. Бұл кітапті қарап шығып тұрғанда, оны асықпай, аптықпай оқуды қажет екеніне көзім жетті. Осы ретте қазір тек алғашқы алған әсерімді сіздермен бөлісе аламын.

Менің ойымша, бұл шығарманың басқа мемуар жанрындағы еңбектерге қарағанда, өз ерекшелігі бар. Бұл ерекшелігі – ол Еліміздің ең жаңа тарихындағы жылнамаға ұқсас. Сонымен қатар, автор осынау оқиғалардың куәгері ғана емес, Ел тарихына қатысушы да ғана емес, ол - тәуелсіз Қазақстанымыз тәуелсіздігінің қалыптасуымен, оны нығайту жолында жасалған ірі жұмысының көшбасшы бола білген тұлға. Кітапта көпшілікке беймәлім нақты деректер тартылып, еліміздің тәуелсіздік алғанға дейінгі және тәуелсіздік алғаннан кейінгі қиын әрі қарама-қайшы үдерістер ашық қамтылған. Елімізді тұманды әрі сындарлы тоқсаныншы жылдардағы тоқырау мен 2000-шы жылдардағы біркелкі жайлы да айшықты кезеңдерінен өткізген көшбасшы өзінің жеке өмірі туралы айтылған ашық әңгіме оқырман қауымға өтімді және өте қызықты деген пікірдемін.

Осы кітапты оқып отырып, Нұрсұлтан Әбішұлымен алғаш кездесулер еріксіз есіме түседі. 1993-ші жылы Тәуелсіз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Қытай Халық Республикасымен дипломатиялық қатынас орнатылғаннан кейн, осы елге ең бірінші мемлекеттік сапар жасады. Мемлекет басшысымен құрамында бір топ "жаңа қазақстандық буруазияның" өкілдері бар үлкен делегация келді. Біздін кәсіпкерлер жаңа ғана “аспан асты елімен” әріптестік орната бастаған болатын. Сол кезде мен Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі жөніндегі сауда Өкілдігінің аға сарапшысы ретінде осы сапардың дайындығына атсалыстым. Сол уақытта Қазақстан басшысы қазақ елінің Қытайдағы тұңғыш толыққанды және құзыретті елшілігін ресми түрде ашты. ҚХР Төрағасы, ҚКП ОК Бас хатшысы Цзян Цзэминьмен болған екі жақты кездесу барысында шекара мәселесін реттеу жұмысын жүргізуге және сауда экономикалық байланысты дамытуға уағдаласты.


 

Маңызды айта кететін жайт: Нұрсұлтан Әбішұлы жан-жақты тәжірибесінің және өзінің табиғи тартымдылығының арқасында Қытай көшбасшысымен тек әріптестік қатынасын ғана емес, достық қатынасын да нығайтып үлгерді. Нәтижесінде бұндай қатынастар екі елдің арасындағы шекара шебін ортақ уағдаластыққа қол жеткізуге айтарлықтай әсер етті. Мемлекеттік шекараны делимитациялау әр бір елдің бейбітшілік пен қауіпсіздігі үшін атқаратын рөлі орасан зор екені айдан анық. Нұрсұлтан Назарбаев дәл осындай шынайы достық қатынасты басқа да Қытай көшбасшыларымен ғана емес, көптеген өзге елдің басшыларымен де, Үкімет жетекшілерімен де орната білді.

Тұңғыш Президентіміз өз естелігінде 1991 жылы, еліміз Тәуелсіздік алмай тұрып, Қытайға сапар жасағанын жазыпты. Сол сапарда оған Қытайдың “әуелі экономика, содан соң саясат” деген таңдауы ерекше әсер еткен. Ол өз кітабында көпшіліктің есінен шыққан деректі: Қазақстан алғашқы кезеңде саясатқа назар аударылғанын, ал кейін ғана саясаттан бұрын экономиканы дамытуға басымдық берілгенін еске салады. Осы жолымен барып, Халық алдындағы жауапкершіліктің ауыртпалығын сезіне отырып, Тұңғыш Президент үнемі ойланып, әлемнің жетекші көшбасшыларымен ақылдасып отырған болатын.

2003-ші жылы сол кездегі Сыртқы істер министрі, қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың маған деген сенімінің арқасында Қазақстанның Сингапурдегі алғашқы дипломатиялық миссиясын ашуын ұйымдастыру және оны басқарудың мәртебесі бұйырды. Дипмиссия енді ғана жаңадан ашылғанына қарамастан, біз Қазақстан басшысының Сингапур Республикасына тұңғыш мемлекеттік сапарын ұйымдастырдық. (Одан бұрын 1996 жылы жасалған сапары мемлекеттік емес, ал ресми статусқа ие болды). Сапар жоспарының өте тығыздығына қарамастан, Президент Сингапурдың бұрыңғы Премьер-Министрі әйгілі Ли Куан Ю мырзамен кездесуді қалаған болатын. “Ли Куан Ю емделіп жатыр, сол себепті Қазақстан Президентінің резиденциясына келе алмайды”,- деген хабар келеді (дипломатиялық практикада Мемлекет басшысы сапарлап барған елде жатқан жерді резиденция деп атайды). Алайда, Нұрсұлтан Әбішұлы хаттама ережесін тәуекел етіп, лезде Ли Куан Ю мырзаға өзі арнайы баратыны жөнінде шешім қабылдады және бізге бұл мәселені Сингапур тарапымен пысықтауды тапсырды. Аурухана палатасында болған достық пейілдегі әңгімелесу барысында Қазақстан көшбасшыны Қазақстан және Сингапурдың даму барысы туралы Ли Куан Ю мырзаның пікірі қызықтырды. Сингапур жетекшісі Қазақстан басшысының “әуелі экономика, содан соң саясат” деген бағытын оң бағалады. Қазақстан делегация мүшелерінің байқағандай, Нұрсұлтан Әбішұлы бұндай бағалаудан кейін өзінің дұрыс жолды таңдағанына тағы бір мәрте көз жеткізгендей әсерде болды. Ауруханада ем алып жатқан Ли Куан Ю-ға қазақ басшысының арнайы барып хал сұрап, емен-жарқын әңгіме айтуын Сингапурдық ақпарат құралдары жарыса жазды және Нұрсұлтан Әбішұлының жасы келген, көп уақыт бұрын жоғары деңгейдегі қызметінен кеткен адамға білдірген нағыз адамгершілік мыңдаған сингапурлықтардың көңілінен шықты.


Мемлекет басшысының маған деген сенімінің арқасында түрлі бағытта жұмыс істедім. Осы ретте, Тұңғыш Президенттің өзім байқаған мына қасиеттері мені ерекше таңғалдырған болатын: бұл кісінің өз ісіне деген берілгендігі, түрлі салада қызмет істеп, жиналған зор тәжірибесіне негізделген данышпандығы мен ішкі түйсігі. Дегенмен, ең есте қалғаны табиғаттан дарыған зор адамгершілік кейпі. Нұрсұлтан Назарбаев ең жоғары лауазымда болған кезде де, әлі күнге дейін де білімге құштар адам деп санаймын.

Әлі есімде, қорғаныс министрі болған кезімде, Мемлекет басшысы Қарулы күштердің Жоғарғы қолбасшы ретінде әскери саланың түрлі мәселелерге терең үңілді, тіпті жаңа әскери қару-жарақ пен техниканың тактикалық-техникалық сипаттамаларына қызығушылық танытып жүрді. Бір кезде Қарулы күштердің дамуына қатысты кезекті баяндамамды тыңдап отырып, былай деді: "Біз қазір бейбіт өмір сүріп жатырмыз, бірақ 10-20 жылдан кейін не боларын ешкім білмейді. Кез-келген сценарийге дайын болуымыз керек. Біз әуе шабуылына қарсы күштерін нығайтып, тіпті зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін қалыптастыруын бастауымыз керек". Қуантарлық жайт: сол кезде бекітілген осы және тағы да басқа Қарулы күштерді дамытудың басымдықтары бүгін де іске асырылып жатқанын көріп отырмыз.


 

2021 жылдың 25 тамызы күні Жамбыл облысындағы қару-жарақ қоймасына екі әскери қызметші өрт қойып, оның арты өрт пен жарылысқа ұласты. Қауіп-қатер мен оқиғаның негізгі салдарын жойылғаннан кейін мен ешкіммен кеңеспестен өзімді Қорғаныс министрі лауазымынан өз еркіммен босату жөніндегі рапорт беремін деп шештім. Неге десеңіз, кез келген, әсіресе әскери погон киіп жүрген, бірінші жетекші, қиын жағдайда алға шығып, саяси жауапкершілікті өз мойнына алуға әрдайым дайын болу керек деп санаймын. Дәл сол күні маған сол кезде ҚР Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болған Нұрсұлтан Әбішұлы қоңырау шалды. Ол маған әкемдей әсермен: "Нұрлан, жалғыз сен емес, бәріміз алаңдап отырмыз. Әрине, бұл қайғылы жағдай, бірақ оған сенің кінәң жоқ екенін білемін"-деді. Қиын сәттегі мұндай қолдау сөз әр қайсы үшін өте маңызды.

Қазіргі таңда біздің тарихымызға баға бергісі келетіндер көп, және ол әрқилы сарында. Бірақ, біздің азаматтар саясаткерлер мен саясат туралы өз ой-пікірін ашық айта алатының, сан қилы пікір айтып жүрген адамдардың бар екеннің өзі – бұл біздің қоғамымыздың дамуы белгілі бір деңгейге жеткеннің көрінісі емес пе? Нұрсұлтан Назарбаев тарихымыздың ең күрделі кезеңде Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен даму жолында орасан зор рөл атқарған мемлекеттік қайраткер деген пікірмен кез-келген адам келіседі. Ол кісіге түрлі, күрделі шешімдерді де қабылдауға тура келген болатын. Ол шешімдердің қозғаушы тетіктерін әрдайым ашық айта алмайды. Алайда, нағыз Көшбасшының ғана Ел мен халықтың мүдделері үшін жауапкершілікті өз мойнына алып, кей-кезде жағымсыз әрі ризасыз шешімдерді қабылдауға батылдығы жетеді. Жаңадан жарыққа шыққан кітапта осы жәйттер де қамтылған деп ойлаймын.

Авторы: Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы

https://el.kz/ru/novaya-kniga-nursultana-nazarbaeva-eto-letopis-noveyshey-istorii-gosudarstva-nurlan-ermekbaev_99390/

Рекомендовать
Последние новости