«Нұр-Сұлтанда болған оқиға». Жұмыспен қамту орталығына келіп, екі жылда директордың орынбасары болған

Dalanews 02 нояб. 2021 11:10 770

Көптеген жастар елордада жұмыс табу, әсіресе жалақысы жоғары жұмысқа орналасу мүмкін емес деп санайды. Алайда, қаланың Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Бақтияр Айтпаев өз үлгісімен қажырлы еңбектің арқасында жұмысқа орналасып, мансапта биіктерге жетуге болатынын дәлелдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Екі жыл бұрын Бақтияр Айтпаев жұмысынан айрылады, содан кейін астаналық Жұмыспен қамту орталығына есепке тұру үшін жүгінеді. Бірақ ол жұмыссыз мәртебесінде ұзақ уақыт болған жоқ.

– Жастар Жұмыспен қамту орталығына жүгінуді ұят деп санайды. Дегенмен, көптеген адамдар бізге хабарласып, жұмысқа орналасты. Мен өзіме мысал келтіре аламын. 2019 жылы мен жұмысымнан айырылдым. Содан кейін мен есепке тұру және жұмысынан айрылуға байланысты жәрдемақы алу үшін жұмыспен қамту орталығына бардым. Маған Жұмыспен қамту басқармасының «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасына қатысуға ұсыныс жасады. Мен ол жерде тамыз айынан қарашаға дейін жұмыс істедім. Осыдан кейін маған мемлекеттік қызметке тестілеуден өту ұсынылды, – деп еске алды ол.

Бақтияр Айтпаев тестілеуден және әңгімелесуден сәтті өтеді, содан кейін ол қаланың Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының заң бөлімінің бас маманы болды.

– Мен өте қатты тырыстым және менің еңбегім еш кеткен жоқ. 2021 жылдың наурыз айында маған Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары қызметін ұсынды. Біздің директор Азамат Байтасов та 2012 жылы осы орталыққа жүгініп, мансап сатысының барлық кезеңінен өтті. «Астана жастары» КММ басшысы Аян Ерментаев Жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбек комитетіне жіберілді. Және келтірер болсақ мұндай мысалдар көп. Егер адам мемлекеттік қызметке бағдарлама бойынша баратын болса, оның мүмкіндігі бар - оған мансап оның еңбек көрсеткіштерінен келеді, – деп есептейді Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары.


Елордалық Жұмыспен қамту орталығына жүгіну үшін Нұр-Сұлтанда тіркелу қажет. Жастар «Жастар практикасы», «Бірінші жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» сияқты жұмысқа орналастыру бағдарламаларына қатыса алады. Сондай-ақ бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар беріледі. Жыл басынан бері 167 адам грантқа ие болды.

– Жоғары оқу орындарында оқып жүрген кезде жастардың көбінде амбиция мен жоғары талаптары болады. Оқуды бітіргеннен кейін олар жұмыс орнын өздері табуға тырысады. Бірақ көпшілігі жұмысқа тұра алмайды және олар бізге келеді. Бізде жұмыс тәжірибесі жоқ адамдарға арналған бағдарламалар өте көп, – деді Бақтияр Айтпаев.

Жыл басынан бері Жұмыспен қамту орталығына 16 000-нан астам адам жүгінді, оның ішінде 6 000-нан астамы тұрақты жұмыс орнына орналастырылды; «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша – 881; қоғамдық жұмыстарға жіберілгендер – 2 718; «Бірінші жұмыс орны» бағдарламасы бойынша – 71; әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылғандар-180.

– Бізде уақытша жұмыспен қамту бөлімі бар. Бұл бөлімнің қызметкерлері студенттер ісі жөніндегі комитеттермен, колледждердің, жоғары оқу орындарының мансаптық өсу бөлімдерімен жұмыс істейді. Пандемияға байланысты бөлім қызметкерлері екінші жыл оқу орындарына бармайды. Бұған дейін олар түлектермен кездесіп, оларға алғашқы тәжірибе алу үшін қандай бағдарламалар бар екендігі туралы айтып берді. Қазір бұл кездесулер онлайн өткізіледі.

Жұмыспен қамту орталығы директоры орынбасарының айтуынша, жұмыс тәжірибесі жоқ жас мамандар "Бірінші жұмыс орны" бағдарламасын пайдалана алады. Сонымен қатар, Жұмыспен қамту орталығы үнемі бос орындар жәрмеңкесін өткізеді. Айта кетейік, қалада бос жұмыс орындары аз емес, жұмыс барлығына жетеді, деп сендірді Бақтияр Айтпаев.

Рекомендовать
Последние новости