Nur Otan Таушық ауылынан шебін карьері жобасын іске асырады

Dalanews 30 дек. 2020 03:48 925

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі өмір сапасы мен халықтың әл-ауқатының үздіксіз жақсаруына жағдай жасауға бағытталған бағдарламасымен «Түпқараған аудандық электр жүйесі» еңбек ұжымы танысты. Аудандық сайлауалды штаб мүшелері мен мәслихат  депутатына үміткерлер А.Құрманов, Қ.Сабанов және Н.Адековтың сенімді өкілі 29 қаңтар күні аталмыш мекемеде болып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

«Nur Otan» партиясының ауданды дамытудың сайлауалды бағдарламасында 7 басым бағыт айқындалды. Олар экономикалық тұрақты, жайлы, жастарға арналған, тарихы мен мәдениеті дамыған, әлеуметтік бағытталған, қауіпсіз аудан әрі ашық есеп беретін жергілікті органы бар.

Алдағы перспективада ауданды дамытуда өңдеу өнеркәсібіне, көлік пен логистикаға, агроөнеркәсіптік кешен мен туризмге, тау-кен өнеркәсібін одан әрі дамытуға негізгі екпін түсірілетін болады. Ауданда жұмыс істеп тұрған мұнай кен орындарында мұнай өндіру көлемін сақтап, Таушық ауылынан шебін карьері жобасы іске асырылады.

Туризм – аудан экономикасының COVID-19 пандемиясынан ең көп зиян шеккен саласы. Осымен бір мезгілде, Қазақстанның басқа елдермен шекараны жабу ішкі туризмге даму мүмкіндігін берді. Түпқараған ауданының Каспий теңізіне тікелей шығу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар аудан аумағында Тамшалы, Саура, Жығылған табиғи демалыс аймақтарының және тарихи зираттар, күкірт судың көзі бар.

Захар бақшасының да туризмді дамытуға үлесі зор. Осы бағытта «Nur Otan» партиясы 2022-2023 жылдары Тамшалы, Сұлтан-епе, Шақпақ-атаға дейін 40 шақырымға шамалас автомобиль жолын салуды жоспарға қойды. Инфрақұрылым, сервисті жақсарту, кемпинг, жанар жағармай бекеттерін орнату, абаттандыру жұмыстары да осы туризмді дамыту бойынша жасалады. Ауданның туристік жобаларына қонақ үйлер салу үшін жеке инвесторларды, соның ішінде шетелдік инвесторларды іздеуге және тартуға жұмыстанады.

Туризммен қатар ауданда теңіз жағалауында орналасқан ірі компаниялар қызмет етеді. Баутин теңіз жағалауында орналасқан ірі компаниялардың «HKOK», «Теңіз Сервис» және «Балықшы» мекемесінің мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, теңіз транспорттық-логистиканы және аудан өнеркәсіп өндірісінің көлемі арттырылады. Бұдан бөлек кәсіпкерлік, ауылшаруашылық салаларында да үлкен жобалар жүзеге асады. Бұл іс-шаралар арқасында тұрақты жұмыс орындары көбейіп, жұмыссыздық мәселесі біртіндеп шешіледі.

Жалпы ауданның экономикалық жағдайымен қоса өмір сүруге қолайлы болуы үшін жолдар салынып, ауыз сумен қамтылып, өмір сүру жағдай жақсарады. Медицина, білім саласында да оң өзгерістер орын алады. Бұл жұмыстар 5 жылда атқарылады.

Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері бағдарламадағы жұмыстарға көңілдері толып, жүзеге асырылсын деген тілектерін жеткізді. Кандидаттар 10 қаңтар күні өтетін сайлауға белсенді қатысуға және «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Сайлау қорының қаражаты есебінен төленді)

Рекомендовать
Последние новости