Назым Қаһарман экс-министр Бишімбаевпен ажырасуы жайлы кітап жазып жатыр

Қаракөз Амантай 24 окт. 2024 12:20 2844

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман көпшілікке отбасылық өмірі жайлы кітап жазып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Бұл кітапта өзім жайлы баяндаймын. Сонымен қатар бірінші некем туралы және қалай ажырасқаным жайлы жазамын. Кітапта кейбір кейіпкерлер де бар. Кітаптың екі тарауы аяқталды”, - деді ол Instagarm-дағы парақшасында.

Айта кетейік, Назым Қаһарман мен Қуандық Бишімбаев 14 жыл отасқан, ресми некеде болған. Олардың 3 баласы бар. Ерлі-зайыпты 2020 жылы, экс-министр бұрынғы қылмыстық ісі бойынша колониядан босағаннан кейін бір жыл өткен соң ажырасқан.

Қайғылы оқиғадан кейін блогер балаларының тегін өзгерткісі келетіні туралы айтқан еді.

Еске салайық, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша бірнеше сот отырысы өтті. Оны дүйім жұрт Жоғарғы соттың YouTube каналынан онлайн тамашалады.

13 мамырда Бишімбаев ісі бойынша үкім шыққан болатын. Алқабилер шешімі бойынша, Бишімбаев 24 жылға, Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. 


Рекомендовать
Последние новости