Ақмола облысында ірі жол-көлік оқиғасы болды: бір жолаушы қаза тапты

Қаракөз Амантай 13 дек. 2025 16:00

Ақмола облысында бірнеше көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 13 желтоқсанда Астана – Ерейментау – Шідерті автожолының 94–95 шақырымында, Павлодар бағытына қарай қозғалыс кезінде жеті автокөліктің қатысуымен жаппай жол апаты орын алған.

Алдын ала деректерге сәйкес, жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған. Ал бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Құқық қорғау органдары аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастаған. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция өкілдері осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жүргізушілерді жылдамдық режимін қатаң сақтауға, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде мұқият болуға және көліктің техникалық жағдайын үнемі бақылауда ұстауға шақырды.


Рекомендовать
Последние новости