Назерке Әріпті өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты

Dalanews 29 дек. 2017 03:49 900

18 жастағы Назерке Әріпті өлтірген Құрбан Исхаковқа қатысты сот үкімі оқылды,- деп хабарлайды stan.kz. 

Кісі өлтіру әрекетіне қатысты сот отырысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық режимде өтті. Қылмыскер 21 жылға қасалсын деген үкім оқылды.

«Үкім шықты, біз енді оны аппеляцияға береміз. Ол өткен жолы да өзінің мерзімінің соңына дейін отырған жоқ. Оны өзін жақсы жағынан көрсеткені үшін мерзімінен бұрын босатқан. Бұл жолы да солай болуы әбден мүмкін»,-деді Назеркенің анасы Сәуле Сарбаева.
Сонымен қатар қыздың анасы айыпталушыға тек «Кісі өлтіру» бабы ғана қолданылғанын, ал «Зорлау» бабы қолданылмағанын айтты. Өйткені дәлел жоқ.

Айта кетейік, 18 жастағы қыз 10 шілдеде жоғалып кеткен болатын. Ол Алматы облысындағы Тұздыбастау ауылынан шығып кетіп, қайтып оралмаған. 4 қыркүйекте қыздың мәйітін зираттар орналасқан аймақтан тауып алған.

Рекомендовать
Последние новости