Назарбаевтың қанынан вакцина жасалмайды - Ақпарат министрлігі

Dalanews 03 июл. 2020 12:20 815

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Назарбаевтың қанынан коронавирусқа қарсы вакцина жасалады деген ақпарды жоққа шығарды деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Әлгінде ғана әлеуметтік желіде "Ғылым академиясы КВИ-мен ауырған Тұңғыш президенттің қанынан коронавирусқа қарсы вакцина әзірлейді" деген қаңқу әңгіме тараған.

Ақпарат министрлігі мұны фейк деп атап, жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.



"Әлеуметтік желіде Назарбаевтың қаны негізінде КВИ-ге қарсы вакцина жасалады деген қауесеттің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз.

Тиісті органдар аталған ақпардың Қазақстан заңнамасына қаншалықты қайшы келетінін анықтап, бұдан былай мұндайға жол бермеудің амал-әдісін қарастырады.


Азаматтарды әлеуметтік желі мен интернеттегі алыпқашпа әңгімеге алданбауға және тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз. Жалған мәлімет таратқан азаматтар Қылмыстық кодекстің 274 бабына сай қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз", – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Айта кетелік, кеше Назарбаевтың коронавирустан толық жазылып шыққаны белгілі болды. КВИ тестті қайтара тапсырған Елбасыдан коронавирус анықталған жоқ. Елбасы елге үн қатып, жағдайының жақсы екенін хабарлады.

Рекомендовать
Последние новости