Назарбаевтардың қатысы бар ма? Астанада 118 миллионның коттеджі сатылымға шықты

Сағыныш Сардарова 29 янв. 2024 16:35 3585



Алматы облысының әкімдігі құны 118 миллион теңгеден басталатын Астанадағы коттеджді сатылымға қойды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.


fbrk.kz Telegram-арнасындағы дерекке сүйенсек, электрон сауда алаңының сайтындағы мәлімет бойынша "Алматы облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Астана қаласындағы 197,4 шаршы метр коттеджді сатылымға шығарған. Бұл - Алматы облысы әкімі аппаратының "Шаруашылық басқармасы" КММ балансындағы үй.


Үйдің бағасы 118,3 миллион теңгеден басталады. Баспана аукционда сатылмақ. 2023 жылғы дерекке сәйкес, үйдің нарықтағы құны 118,3 миллион теңге. Сауда-саттық 6 ақпанда басталады.


1990 жылы кірпіштен салынған екіқабатты үйде 4 бөлме, 3 жуынатын бөлме, ас үй, сауна және қазандық бар. Одан бөлек, учаскеде гараж, 2 сарай және терраса бар.



Коттедждің нақты кімге тиесілі екені белгісіз.


Айта кетейік, бұған дейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі резиденция сатылымға шыққан болатын.Жеке гольф клубы бар резиденцияның алып жатқан аумағы – 1600 шаршы метр. Экс-президентке тиесілі болған резиденцияны 3,5 миллард теңгеге сатып ала аласыз.




Рекомендовать
Последние новости