Назарбаев тағы бір өмірлік мәртебе алды

Dalanews 17 мая 2018 04:24 866

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқаруға құқық беретін «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Аталған заң жобасына сәйкес, Қауіпсіздік Кеңесі ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, конституциялық құрылысты, мемлекеттік тәуелсіздікті, аумақтық тұтастығын қорғау мақсатында ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіретін конституциялық орган болып табылады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев Назарбаевқа Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқаруға құқық беретін заң жобасы өткен жылы белгіленіп қойғанын түсіндірді.

Сонымен,
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» конституциялық заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес тұңғыш президент «өзінің тарихи миссиясына байланысты» Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқаруға құқылы.

Айта кетейік, 2017 жылдың желтоқсанында Назарбаев қол қойған түзетулерге өзгерістер енгізілді.

 

ДереккөзSputnik Қазақстан


 

Рекомендовать
Последние новости