Назарбаев: Барлық қылмыскерді ұстап, қарсылық танытса өлтіру керек

Dalanews 08 июн. 2016 00:37 814

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында хабарлады деп жазады NUR.KZ.

Кездесу барысында Жұмақанов Ақтөбедегі антитеррорлық операциялардың қалай жүріп жатқанын мәлімдеді. Бүгінге дейін 13 лаңкес өлтіріліп, 14 адам жараланды. Сонымен қатар, 6 қылмыскерге іздеу жарияланды.

"Біз олардың сол аймақта екенін білеміз. Халыққа ескерту жасалды. Қылмыскерлердің біреуін де қалдырмай ұстау керек. Қарумен қарсылық көрсетсе, өлтіру керек. Барлығы қатаң түрде жазалануы тиіс", – деді мемлекет басшысы.




Рекомендовать
Последние новости