Назарбаев: «Астананың атауын өзгетудің қажеті жоқ»

Dalanews 25 нояб. 2016 11:32 958

«Россия 24» арнасына сұxбат берген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың атауын өзгетудің қажеті жоқ екенін жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

– Әрине, мен оның бәрін естіп, біліп жатырмын. Ол туралы айтып та, жазып та жатыр. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы – бұл барша қазақстандықтардың тамаша мейрамы, ата-бабаларымыздың арманы. Сондықтан оған қалай қуанбайсың? Менің қатарластарым да қуанып жатыр. Себебі ондай мемлекетті құру міндеті оларға бұйырды. Жастар да мақтан тұтады. Кім келсе де, бәрі Астананы біледі. Бұл – кәдімгідей бренд. Сондықтан оның атауын өзгертудің қажеті жоқ. Ешбір қажеті жоқ. Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының XXI ғасырдағы алғашқы саммиті өтті. Астанада Азия ойындарын ұйымдастырылды. Алдағы уақытта ЭКСПО көрмесі өтеді. Оған қоса, әлемдік және дәстүрлі діндер съезі бар. Осының бәрін Қазақстанмен байланыстырады. Бірақ бүкіл жерде Астана деп айтады. Одан кейін оның атауын өзгертудің қажеті қандай?  – деп атап көрсетті Н.Назарбаев,

Әңгіме барысында Қазақстан Президенті елдің индустриялық-инновациялық дамуының мән-маңызы, мемлекеттің экономикадағы рөліне қатысты сауалдарға жауап берді. Мемлекет басшысы Қазақстан елордасының ребрендингі, республикада жастардың білім деңгейін арттыру, білім беру үрдісіндегі үштілділіктің маңыздылығы жөніндегі мәселелерге тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдері ынтымақтастығының келешегі, ЕАЭО-ның басқа да мемлекетаралық экономикалық бірлестіктермен және жекелеген елдермен өзара іс-қимылының ықтимал перспективалары туралы айтты.

Рекомендовать
Последние новости