Министр қаржы пирамидасын жарнамалаған әншілерді сынап тастады

Dalanews 25 февр. 2020 04:18 859

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халықтың біразы алданып қалған қаржы пирамидаларын жарнамалаған эстрада және спорт жұлдыздарының әрекетіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– Әрбір адамның құқығы бар. Сонымен қатар заңды да бұзуға болмайды. Сондықтан құқық қорғау органдары мәселенің мән-жайны анықтар деген ойдамын. Өзімнің көзқарасым – қандай істермен қандай шаруамен шұғылдануға қатысты әр адамның өз құқығы бар. Бұл дұрыс емес. Өйткені ол кісілерге деген қоғамның үлкен жауапкершілігі, сүйіспеншілігі бар. Сондықтан осындай нәрселерге аса назар аударып, абай болу керек, – деді Ақтоты Райымқұлова тілшілерге Үкімет отырысынан кейін.


Еске сала кетсек, ҚР Ішкі істер министрлігі қаржы пирамидалары мен ломбардтарға алданған қазақстандықтардан арыз-шағымдар әлі де түсіп жатқанын мәлім еткен болатын.

Салымшылардың санын көбейту үшін компаниялар Қазақстан эстрадасының және спорт саласының жұлдыздарын тартып, ауқымды жарнамалық компания жүргізген.

– Бүгінге дейін 2 мыңға тарта шағым түсті. Компаниялардың аймақтардағы барлық кеңсесіне тінту жүргізіліп, бірлескен жұмыс туралы келісімдер, бухгалтерлік құжаттар, ноутбук, кеңсе техникасы, зергерлік бұйымдар мен өзге де заттар тәркіленді. Тәркіленген құжаттарға сәйкес компаниялар 42 мың адаммен келісімге келген. Қазіргі есеп бойынша шығын мөлшері 5 миллиард 411 миллион теңге болып отыр, – делінген ІІМ хабарламасында.

Рекомендовать
Последние новости