Министр Астананың іргесіндегі ауылдарға су тасқыны қаупі төніп тұрғанын ескертті

Азамат Қойшығара 02 апр. 2024 11:07

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында Астана іргесіндегі үш елді мекенге Нұра өзенінен тасқын қаупі төніп тұрғанын ескертті, деп жазады Dalanews.kz.

Шенеуніктің мәліметінше, Астана су қоймасына 26-30 наурыз аралығында 150 млн текше метр су түскен. Яғни, су орташа көп жылдық түсімнен едәуір асып кетті.

- Астана су қоймасынан судың ағысын болдырмау, 29 наурызда Есіл өзенінің арнасын жуу үшін төменгі бьефке су жіберілді. Қарағанды облысында орналасқан Самарқанд су қоймасы бүгінгі таңда 100% толған. Ұлытау облысындағы Шерубай–Нұра су қоймалары бүгінгі таңда 96% толған. Самарқанд және Шерубай–Нұра су қоймаларынан тасталған және төмен жағынан қосылатын бүйірлік ағындарды есепдегенде Нұра өзені арқылы Преображенск су торабына шамамен 4 сәуірде 2500 м3/сек су ағыны күтілуде. Өз кезегінде Қошқарбаев, Қосшы, Тайтөбе елді менкендерін су басу қаупі төніп тұр. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар тиісті шараларды қамтамасыз ету керек, - деді министр.

Ведомство басшысы Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасына толған суды Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының аумағында орналасқан Телікөл көліне жіберіліп жатқанын айтты.


Рекомендовать
Последние новости