Миллион гектар жер қайтадан мемлекеттікі

Самал Асқар 30 янв. 2026 16:28

Қазақстанда пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Dala News.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған көрсеткіштен асып түсіп, 2,1 млн гектар жер мемлекетке қайтарылған. Бұл жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмеген немесе заң талаптарын бұза отырып пайдаланылған.

Қайтарылған аумақтардың бір бөлігі жергілікті халықтың ортақ пайдалануына берілген. Атап айтқанда, 2,8 млн гектар жер ауыл тұрғындарының мал жаюына арналған жайылым ретінде бөлінген. Ал қалған 5,7 млн гектар жер конкурс арқылы шаруалар мен агроөнеркәсіп субъектілеріне таратылған.

Министрлік дерегінше, 2026 жылдың ортасына дейін айналымға енгізілмеген тағы 5,1 млн гектар жерді толық игеру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ былтыр ел бойынша 2 мыңнан астам тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде жүздеген жер пайдаланушыға ескерту берілген. Заң талаптары орындалмаған жағдайда, жер учаскелері сот арқылы мәжбүрлі түрде мемлекетке қайтарылады.

Министрлік өкілдері бұл жұмыс жерді әділ бөлуге, ауыл тұрғындарын жайылыммен қамтуға және агросаланың дамуына серпін беруге бағытталғанын атап өтті.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove