«Мұражайдағы түн» аңыз кейіпкерлеріне жан бітірді

Dalanews 19 мая 2017 09:03 1149

Бүгін Талдықорған қаласының тұрғындары мен қала қонақтары М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейін басқа қырынан көруге мүмкіндік алды. Халықаралық музей күніне орайластырылған «Мұражайдағы түн» шарасында музей қызметшілері сақ патшасы Томирис, Қабанбай батыр, қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Жансүгіров және тағы тұлғалардың кейпіне еніп, түрлі көрсетілімдер қойып, музей қонақтарымен суретке түсті. Аталмыш шараның қызықты қойылымдарын тамашалап, музей қызметшілерін кәсіби мерекелерімен құттықтау мақсатында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар арнайы барды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жақсылық Мұқашұлы шараның ашылу салтанатында:

– «Музейдегі түн» шарасы – музейге келушілердің санын арттыруға негізделген мәдени шара. Музей тарихты, ата-бабаларымыздың ұлы мұрасын сақтап, жасөспірімдердің тәрбиесіне оң ықпалын тигізеді. Бүгінгі күні Алматы облысында 22 музей жұмыс істеуде, мемлекетқолдауының арқасында облыстамәдени мұралардың сақталуына айрықша көңіл бөлінеді. Музейге келушілерді қызықтыратын бағдарламалар әзірлеуде музей қызметкерлері де үлкен үлестерін қосуда. Осы сәтті пайдалана отырып, баршаңызды облыс әкімінің атынан Халықаралық музейлер күнімен құттықтап, Сіздерге шығармашылық табыс, музейлеріңіздің іргесі кеңейіп, дамуын тілеймін, – деген тілегін білдірді.

Мерекелік бағдарламаға сәйкес келушілер назарынаәскери оркестрдің сүйемелдеуімен «Әр замандағы қару-жарақтар» көрмесі ұсынылды. Онда Алматы облысы ІІД-ге уақытша пайдалануға берілген қарулар топтамасы қойылған.

«Археология» залында облыстық Б.Римова атындағы драма театр әртістерінің орындауында «Томиристің Кир патшаны жеңуі» атты театрландырылған сахналық көрініс қойылды. Ал «Ортағасырлық қалалар тарихы» атты экспозициялық кешендеЕсік музейінен әкелінген көне артефактілер қойылып, саз балшық пен қыштан жасалған ыдыс-аяқтар мен түрлі бұйымдаржасаудың шеберлік сағаттарыкөрсетілді.

Сонымен қатар бүгінгі күннің жетістіктеріне де көңіл бөлініп, арнайы жасақталған «Тәуелсіздік» залында «ЭКСПО-ның туындау тарихы» атты экспозициясы көпшілік назарына ұсынылды.Алдын ала әлеуметтік желілерде өткізілген байқаулардың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің билеттері табысталды.«Экспонаттар сарыны» шарасы аясында музейде «Қобыз сарыны» ансамблінің орындауындағы күйлер мен М.Төлебаевтың музыкалық шығармалары орындалды.

 

«Мұражайлар түні» облыстық І.Жансүгіровтіңәдеби музейінде де  өтті. Мұнда тұңғыш рет бірегей экспонат саналатын ақынның төлқұжаты ұсынылды.

Сондай-ақ бүгін М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоржыны да ерекше экспонатпен толықты.  Әйгілі космонавт Айдын Айымбетовтің атасы музейге космонавттың ғарышта киген кителін ұсынды.

Дәстүрлі «Мұражайдағы түн» шарасы облыс орталығының тұрғындары мен қала қонақтарын М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің барлық экспонаттарымен тегін таныстыру үшін 18 мамыр таңғы сағат 10.00-ден бастап, 19 мамырда түнгі 3-ке дейін ұйымдастырылды.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости