Мұнайлыдағы құс фабрикасы бір жылда 150 тонна ет өндірді

Dalanews 23 февр. 2021 11:48 1293

Мұнайлы ауданына қарасты Баянды ауылындағы «Тұман-Шах» құс фабрикасы бір жылда 150 тонна құс етін өндірді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2014 жылы аудан халықына қолжетімді бағада құс етін ұсыну мақсатында «Тұман-Шах» құс фабрикасы іске қосылған болатын.

– 7 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Бүгінде фабрикада 20-ға жуық қызметкер тұрақты жұмыс істеуде. «Тұман-Шах» серіктестігі өз қаражатына халыққа құс етінің қолжетімділігін арттыру үшін осы кәсіпорынды іске қосқан-ды. Қазір құс фабрикасында 2 блок үздіксіз жұмыс істеуде. Әр блокта 2000 мың дана құс бар. Бірінші кезекте Алматы облысынан жұмыртқаларды сатып аламыз. Содан соң инкубатор жүйесімен балапан өсіріп жетілдіреміз, – деді кәсіпкер Қуан Бурбасов.


Айта кетейік, соңғы жылдары отандық өнімге көрші елдерден де сұраныс түсе бастаған.

Рекомендовать
Последние новости