«Мырзашөл жұлдыздыры» ән байқауы Жетісайдың мерйін арттырды

Dalanews 13 дек. 2018 02:39 799

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жағыруы» бағдарламасы аясында Жетісай ауданында «Мырзашөл жұлдыздыры» атты ән байқауы 23 жылдан соң қайта жаңғырып, облыстың 14 қала, аудандарынан  үміткерлер қатысты. Байқаудың бас жүлдегеріне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев 1 млн теңге сыйақыны салтанатты түрде  табыс етті.

Сонымен қатар, Орталық Азия бойынша облыс әкімінің бастамасымен ауданымызда тұңғыш рет «Қауын фест» облыстық фестивалі ұйымдастырылды. Фестивалге облыстың 8 аудан, қалаларынан қауын-қарбыз егумен айналысатын шаруалар қауынның 27 түрінен өндірілген өнім көрмесі өткізілді. Аталған фестивалдің мақсаты – ірі шару қожалықтарын тарта отырып,  қауынның 27 түрінен өндірілетін өнімдерді (қауын құрт, қауын шырыны, қауынқақ, қауын-қарбыз тосабы және т.б) сыртқа экспорттау.

Сондай-ақ, қараша айында ауданымызда Жетісай қаласы күні мен «Алтын күз-2018» іс-шарасында Жетісай ауданына қарасты ауылдық округтердің ауыл шаруашылық өнімдерінің көрмесі қойылды. Аталған шара жаз бойы егіс даласында еңбек еткен дихандарға керемет күзгі көңіл-күй сыйлады.

Рекомендовать
Последние новости