Мейрамхана қызметкері Бишімбаевтың інісі видеоларды қалай өшірткенін айтты

Көркем Алдабергенова 29 мар. 2024 17:08 6410

Салтанат Нүкенов қаза тапқан мейрамханада жұмыс істеген қызметкер Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов видеоларды қалай өшірткенін айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"9 қарашада таңғы сағат 10-да жұмысқа келдім. Кабинетке келіп, ноутбукты аштым. Менің жұмысым - жалға алушылармен кездесу болатын. Әдеттегідей жұмысымды істеп жүрдім. 12.00-13.00 шамасында мейрамханаларды аралап шығамын. Сол күні 13.00-де мейрамхананы аралап шықтым, бірінші қабатта бәрі жұмыс істеп тұрды. Екінші қабаттағы BAU мейрамханасы жұмыс істемей тұрды. Әкімшіден неге ашылмағандарын сұрадым. Әкімші оларда санитарлық күн екенін айтты. Мен жақсы деп өз жұмысыммен кете бердім", - дейді куәгер. 

Сол күні 14.00 шамасында әкімші келіп, Бақытжан Байжанов (Бишімбаевпен бірге сотта күдікті ретіндегі адам) хабарласып, бейнекамерадағы видеоларды өшіруді сұраған. 

"Бүкіл гастроорталықтағы видеоны өшіруді сұрады. Артынан Бақытжан Байжанов та келіп видеоларды өшіруімді сұрады. Не үшін өшіру керегін нақтыламадым", - дейді куәгер. 

Мейрамхананың бұрынғы қызметкері шамамен 15 минуттай сервер кабинетінде болып, видеоларды өшіріп, шығып кеткен. 

"Видеоларды көрген жоқпын. Мен диспетчерлік кабинеттен шығып, кілтті әкімшіге беріп, кеттім", - дейді куәгер.  

Айта кетейік, ағасына көмектескен Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айтып тағылған: 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу) және 434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау). 


Рекомендовать
Последние новости