Мерейлі отбасы. Металлург отбасы ШҚО үздігі атанды

Dalanews 09 сент. 2023 06:20 1326

Өскеменде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер ұлықталған іс-шараға Шығыс Қазақстанның барлық қалаларының өкілдері қатысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Отбасы күні қарсаңында Өскемендегі үздіктер – Ізғұттыновтар отбасы марапатталды.

Әулеттің отағасы Бауыржан Сансызбайұлы жары Раушан Төлегенқызымен бірге төрт бала тәрбиелеп отыр. Олар байқау комиссиясын өз философиясымен тәнті етті.

Балаларды оқытуда Ізғұттыновтар «баланы емес, өзіңді тәрбиеле» деген басты қағиданы басшылыққа алады. Бұл тәсіл отбасында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Ізғұттыновтар жанұясы балаларының төртеуі де оқуда табысты әрі жаңа білім алуға шынайы қызығушылық танытады. Балалардың үлкендері Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары, екеуі де үздіктер қатарында.



Отбасы ұлттық дәстүрлерді де белсенді түрде ұстанады. Ізғұттыновтар әулетінің аға буын өкілдері қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін, сондай-ақ ана тілін балаларға жеткізуді парыз санайды. Ұлттық құндылықтарды ұстану балалардың шығармашылыққа деген сүйіспеншілігін және эмоционалдық интеллектін дамытуға көмектеседі.


Үлкен қызы фортепиано мен гитара, ал ұлы домбыра тартса, кішілері сурет салумен және бимен айналысады. Ізғұттыновтар отбасының үлкендерінің барлығы ұлттық музыкалық аспаптарды жақсы көреді, ал мереке күндері үлкен отбасы үйде концерттер өткізіп отырады.

Балалардың ата-анасының екеуі де жұмыс істейтіндігіне – әкелері «Казцинктің» Өскемен металлургиялық кешенінде, ал аналары мектепте қазақ тілі мұғалімі болып еңбек ететініне қарамастан, олар балалардың әрқайсысына уақыт бөле біледі. Ізғұттыновтар отбасының төрт баланың әрқайсысына жеке уақыт арнайтын мызғымас дәстүрі бар.

 

Рекомендовать
Последние новости