Мемлекетке залал келтірген АШМ департаментінің қызметкері айыппұлмен құтылды

Көркем Алдабергенова 03 июн. 2025 17:04

Ауыл шаруашылығы министрлігінің кадрлық және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директорының бұрынғы орынбасары сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Ауыл шаруашылығы министрлігінің кадрлық және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директорының бұрынғы орынбасары Б. Жолтайға қатысты үкім шығарды.

Ол үлестес компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тарту арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды, бұл мемлекетке 3,2 млн теңге сомасында залал келтірді.

Оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3,4 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.


Рекомендовать
Последние новости