Мемлекет халықтың несиесін өтеуге енді араласпайды – Әбілқасымова

Dalanews 20 окт. 2023 15:23 1371

Қаржы нарығын қадағалау және реттеу агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова халықтың несиесі бұдан былай мемлекеттік бюджет есебінен өтелмейтінін алға тартты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Естеріңізге саламыз, 2019 жылы халықтың біраз бөлігінің несиесі мемлекеттік бюджет есебінен өтелген болатын. Бірақ бұдан кейін де жұрттың проблемалық несиелері қайтадан күрт өскен.

Енді бұдан былай халықтың  несиесін кешіру мәселесін банктер мен микроқаржы ұйымдарына өздері шешетін болады. Бұған енді мемлекет араласпайды.


Ал халықтың жалақыға дейін несие алуына тыйым салуды енгізуге қатысты сұраққа Әбілқасымова заңнамаға енгізілген өзгерістерді депутаттар қолдаса, аталған норма келесі жылдың басынан бастап күшіне енуі мүмкін екенін атап өтті.

Қазақстанның 8,5 миллионнан астам азаматының 18,1 трлн теңге несиесі бар екені бұған дейін хабарланған болатын.

 

Рекомендовать
Последние новости