Мектепке бөлінген қаражат қайда жұмсалуда?

Dalanews 08 нояб. 2015 22:47 1208

Алматы қаласында бастау алған мектеп директорларының 2015 жылғы бюджеттің кірісі мен шығысына есеп беру ата-аналармен кездесуі кешкі сағат 19.00 де Наурызбай ауданы, Қарағайлы ықшамауданы, «Рахым Сәрсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басталды.

5

Күндіз жұмыстан қолы босамайтын ата-аналарға ыңғайлы болуы үшін кездесуді білім ошақтары кешкі мезгілде ұйымдастырыпты. О баста кеш батып, қараңғылы ққоюлана түскенде мұндай жиналысқа ата-аналар аз келетін шығар деп ойлаған едік. Мектептің мәжіліс залына келіп кіргенімізде 170-ке тарта адам еркін сиятын залда ине шаншар орын болмағанда ойымыздың қате екеніне көз жеткізгендей болдық. Қалың көпшіліктің арасында жас ата-аналар мен немересінің соңынан еріп келген егде тартқан кісілердің бар екенін байқадық. Бәрі мектеп директорының есебін тыңдауға құмартып келгені байқалыптұр. Ел аяғы толық жиналған №192 мектептің директоры Риза Муратовна Мырзаханова сөз бастады:

– Құрметті ата-аналар, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мырзаның нұсқауы бойынша бұдан былай қаламыздағы мектеп директорлары әр тоқсан сайын мемлекет тарапынан мектепке бөлінген қаражаттардың қайда жұмсалып жатқаны жайында есеп беріп тұратынын өздеріңіз де білесіздер. Өз басым бұл іс-шара мектеп пен ата-аналар арасын жақындатып, білім беру мекемелерінің ашықтығын қамтамасыз етеді деп есептеймін. Сондықтан біздің мектеп ұжымы әкімнің бұл бастамасын жылы қабылдап, қолдау білдірді, – деп мектеп басшысы көкейге түйген ойын ортаға салды.

Әңгіме басында мектептің тарихы мен жеткен жетістігіне қысқаша тоқталып, жиналған қауымға қысқаша мәлімет беріпөтті.

–Әрбір ата-ана баласы білім алатын білім ошағына мемлеке ттарапынан қаншалықты қаржы бөлінетінін біліп отыруы маңызды. Жүздеген мың салықтөлеушілердің есебінен құралатын бұл қаржының тиімді бағытта жұмсалуы бәріміз үшін маңызды мәселе, – деді мектеп директоры.

Төменде мектептке бөлінген қаражаттың қайда жұмсалғаны туралы бірқатар кестені тізіп беріп отырмыз.

6 7 8 9

Рекомендовать
Последние новости