Меже – жылына 10 млн аккумулятор шығару

Dalanews 11 июн. 2020 10:31 1038

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының арқасында өндірістік өнім көлемі 1 трлн теңгеге жете қабыл болып, мыңдаған жұмыс орны ашылуда. Мұдай өрлеу Алматы облысындағы кәсіпорындарға тән құбылысқа айналды.

Жұмысы алға басқан сондай кәсіпорындардың бірі Талдықорған қаласындағы аккумулятор зауыты.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тоқыраудың алдын да тұрған өндіріс орнының аяқтан тұруына мемлекет көп көмектесті.

Бүгінде аталмыш зауыт Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының арқасында дамып, жылына 3 миллион аккумулятор батареясын шығаратын деңгейге жеткен. Бұрындары бұл көлем 300-ден аспаушы еді. Өндірістік цехтардың толықтай жаңартылуы арқылы отандық бренд пайда болды.

Мемлекет өндіріс орнын тығырықтан шығару үшін 2,5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлген-ді. Соның нәтижесінде жұмыс алға басып, жүріп жатыр.


Зауыт өндірістің қуатын арттырып, сапалы өнім шығару үшін Австриядан жаңадан құрал-жабдықтар сатып алынған болатын. Соның арқасында өндіріс ошағы өнімдерін көршілес Қытайға бірнеше рет экспорттады. Алдағы уақтта Қиыр Шығыс елдерімен де байланысты нығайтпақ ниеттері бар.

– Зауыт болашақта жылына 10 миллион дана батарея өндіруді көздеп отыр. Оған жету үшін бізге мемлекеттік қолдау ауадай қажет, – дейді мамандар.


Зауыт басшылығының айтуынша, алдағы таңда 10 миллион аккумулятор шығару жоспарланған. Бұл мақсат орындалса, сәйкесінше жұмысшылар саны да 2,5-3 есе көбеймек.

Индустрияландыру каратсы бойынша Жетісу өңірінде 70-ке жуық жоба жолға қойылған. Жұмыстың қарқынды жүруінің арқасында бюджетке түсетін түсімдер 500   млрд теңгеге жетса, өндірістік өнім көлемі бір триллион  теңгені құрады.

Анар САБЫРОВА, Алматы облысы.

Рекомендовать
Последние новости