Медициналық оңалту орталығында «Тілашар» мерекесі өтті

Dalanews 02 окт. 2020 01:48 1552

Әр халық өзінің дәстүрімен және жазылған заңдарымен танымал.  Олардың кейбіреулері осы күнге дейін сақталса, ал кейбіреулері мүлдем ұмытылған. Баланың алғашқы сөздері әр отбасы үшін ерекше мәнге ие.  Алайда, ежелгі уақытта бұл іс-шара тек туыстарды ғана емес, сонымен қатар бір арнайы қонақты да шақырып, ерекше түрде тойланған.

 Бала алғашқы сөздерді айта бастағаннан-ақ, ата-анасы ерекше шешендікке ие, ақылды және құрметті адамды қонаққа шақырады. Ол сәбимен бірге арнайы рәсім жасап, балаға таныс сөздерді айтып және қайталағанда ата-анасы «Баланың тілі шықты» деп ырымдап «Тілашар» тойын жасайды.

Бүгін бұл дәстүр біздің орталығымызда да өтті.  Біздің мамандармен бірге қиын жолдан өтіп, алғашқы сөздерді айта бастаған балаларды және олардың ата-аналарын салтанатты түрде құттықтаймыз.

Бұл іс-шараға 16 жылдан бері қор жұмысына белсенді түрде көмектесіп келе жатқан және оны құрылуына үлес қосқан меценат Бауыржан Исабаев  қатысты.

– Біздің корпоративтік қор төртінші жыл қатарынан Жұлдызай медициналық орталығында оңалтудан сәтті өткен балалардың өміріндегі алғашқы қадамдарына арналған «Тұсаукесер » рәсімін өткізді. Осы шараға қатысып, балаларымыздың жетістігін қуана-қуана көру мен үшін үлкен мәртебе. 4000-нан астам қызметкеріміз қолдайтын біздің корпоративті қорымыз бүгінгі күні балаларымыздың денсаулығы мен әл-ауқатының жолында қозғаушы күш болғанына қуаныштымын, – деді Б. Исабаев.

Іс-шарада мұғалімдердің, логопедтердің, дефектологтардың жұмыстарын көрсетті.  Біздің орталық жыл сайын 3000-нан астам баланы сауықтырады.  713 операция өткізілді, «Тәлімгерлік» жобасының қолдауымен 130-дан астам бала «Тұсаукесер» рәсіміне қатысып, алғашқы қадамдарын жасады.

Рекомендовать
Последние новости