МC Сайлаубектің тілін меңгерген бір адам табылды-ау

Dalanews 04 авг. 2017 03:10 922

Ерке Есмахан өз аты-жөнінің инициалдарын білдіретін көлік нөмірін көрсетіп мақтанды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.



Жанар Дұғалова қайда жүргенін жасырса, Ерке күн сайын желідегі оқырмандарымен тілдесіп, оларға кішігірім “есеп” беріп отырады. Бұл жолы Қызылорда өңіріне жол тартып бара жатқанын жазған әнші елдің сынына ұшырады. Көпшілікке Еркенің сөздерді қолдану реті мен лексикасы ұнамай қалған.
«Мяяя, өзінше дид. Қазақпыз ғо. Между нами тает ылёёёт. Бипән точно. Қызылорда», – деп қазақтың Ерке қызы МС Сайлаубектің тілінде бірдеңе депті.

Бұдан өзге, желідегілер Еркенің Lexus маркалы автокөлігінің ерекше нөмірін байқап қалды. Көпшілік нөмірдегі «EES» – Ерке Есмахан дегенді білдіреді деп топшылады.

Желідегілердің арасынан «Ерке әріптесі Төреғалиден қайталаған» деп сынағандар да табылды. Өйткені өреғалидің де “TTT” деген көлік нөмірі бар.

Кім біледі бұл Еркенің көлігі де болмауы мүмкін ғой. Өткенде Қайрат Нұртастың өзі қымбат көліктердің қасында фотоға түсіп, танымалдығын арттыруға күш салатынын айтып қалмады ма? Мүмкін Ерке де Қызылордаға жол жүріп бара жатып, бір көліктің жанынан фотоға түсіп, жұртты «жынды» қылып отырған шығар? Кім білсін? Білетіміз, жастар осы әнші-әртістерді өздеріңе үлгі-өнеге қылмай-ақ қойыңыздаршы.

Рекомендовать
Последние новости