Маусымда "Төр Алтай жырлайды" фестивальі өтеді

Dalanews 18 апр. 2023 14:44 1208

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов 14 маусымда ШҚО-да Оралхан Бөкейдің 80 жылдығын мерекелеу аясында "Төр Алтай жырлайды" фестивальі, сондай-ақ ғылыми-практикалық конференция өтетінін хабарлады.

Фейстиваль аясында «Оралханның басқа өмірі» (Другая жизнь Оралхана Бокея) атты деректі фильм көрсетіле отырып, театрландырылған қойылым қойылады деп күтілуде.

– Жалпы, бұл іс-шараның мақсаты жас таланттарды, жазушылар мен ақындарды қолдау, республикамыздағы халықтар достығын, бірлік пен татулықты, саяси тұрақтылықты насихаттау, жастарды патриоттық тәрбиеге баулу, шеберлікті арттыру, дарынды жастарды ынталандыру болып табылады, – деді Нұрболат Ахметжанов.

Брифинг барысында ол ШҚО Мәдениет басқармасының "Ертіс концертінде" барлығы 8 шығармашылық ұжым мен 20 солист жұмыс істейтінін айтты.

– Ағымдағы жылдың басынан бастап мекеме ұжымы облыстың бірнеше аудандарында гастрольдік концерттермен болды. Енді Самара, Тарбағатай, Зайсан, тағы да басқа аудандарда концерттік бағдарламалар жоспарлануда, – деді спикер.

Шығыстағы шығармашылық ұжымдар мен солистер үшін әрдайым еліміздің белгілі дирижерлері мен Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері шақырылып, шеберлік сыныптары өткізіліп келеді.

– Осы мүмкіндікті пайдаланып, облыс әкіміне сахналық костюмдер тігуде, музыкалық аспаптар сатып алуда және материалды техникалық базамызды нығайтуда бізге барлық жағынан қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді, – деп толықтырды "Ертіс концерт " директоры Данияр Мерғалиев.

"Алтай" халық би ансамбльінің жетекшісі Тимур Қожахметов 2020 жылы өңір басшысының бастамасымен құрылған бұл ұжым туралы аз-кем айтып берді.

– Қазіргі уақытта біздің құрамда 30 әртіс бар, 30-ға жуық қойылымдық жұмыстар қойылып, 374 костюм тігілген. Жуырда құрылған ансамбль бірқатар республикалық және халықаралық сайыстардың жеңімпазы атанып үлгерді. Халықаралық би күніне арналған "Жібек жолы" жобасы бойынша Павлодар қаласында гастрольдік сапармен болып, Павлодар қаласының "Нұр" және Шымкент қаласының "Қазына" би ансамбльдерімен бірлескен концерт берді, – деді.

Ансамбль жетекшісі 2023 жыл ұжым үшін нәтижелі болуға уәде беретінін айтты.

Рекомендовать
Последние новости