Маугли қазақ тілінде сөйлейді

Dalanews 25 мар. 2016 09:39 1471

Осы көктемнен бастап тұңғыш рет еліміздің барлық кинотеатрларында ондаған ұрпақтың балалық шағының сүйікті кейіпкері болған – Маугли қазақ тілінде сөйлейтін болады.

Ондаған ұрпақтың балалық шағының сүйікті кейіпкері – Маугли тұңғыш рет қазақ тілінде сөйлемек. «Книга Джунглей»/«Джунгли кітабы» адамзат өте алмайтын ну орман арасында, қасқырлармен арпалысып, аңдармен қатар жүріп, шыңдалған, кішкентай адам баласы туралы эпикалық шытырман оқиғалы жаңа кинофильм. Акела, аю Балу, пантера Багира - әрқайсысы қорғансыз қалған Мауглиға джунглидің күрделі заңын үйренуге, аң, құс және жылан тілін түсінуге көмектеседі.

Дубляждау жұмыстары отандық «Aray Мedia Group» кәсіби дыбыс жазу студиясында, ал ақтық дубляждау жұмыстары Лондондағы «Shepperton» студиясында іске асырылды. Дубляждың сапасына сіз кинотеатрларда сеанс алдында сонымен қатар интернет желілеріне жүктелген фильм трейлерін қарап баға бере аласыз.

Дубляждың режиссері – Айжан Жамшитова. Ол бұдан бұрын жасалған «Күлбике», «Малефисента», «Көліктер» және өзге де анимациялық фильмдердің дубляждарына қатысып, мол тәжірибе жинақтаған.

Дубляждау жұмыстарына он төрттен жоғары қазақстандық актерлар тартылды. «Книга Джунглей»/«Джунгли кітабының» басты кейіпкерлеріне Бекболат Құрманғожаев (Багира), Ислам Зейноллаев (Шер-Хан), Айнұр Бермағанбетова (Каа), Ақарыс Өтеулов (Маугли) сынды өнер майталмандары өздерінің дауыстарын сыйлады.

Дисней студиясы осыған дейін «Джунгли кітабының» негізінде тұңғыш рет 1967 жылы ұсынған классикалы анимациялық фильм сюжетінен басталған оқиғаны жаңа "Джунгли кітабы" көркем фильміне айналдырады.

Өте қауіпті, азуы алты қарыс жолбарыс Шерханмен үздіксіз күрес жүргізіп келе жатқан Маугли, қасқырлар үйірін тастап кетіп, жаңа өмір бастауға мәжбүр болады. Оны алда пантера Багира, аю Балу, питон Каа және өзге де джунглидің ну орманында өмір сүретін жануарлармен қызық та, қиын жол күтіп тұрған болатын.

Disney студиясының "Джунгли кітабы" атты жаңа шытырман оқиғаға толы фильмді түсіру барысында заманауи технологиялар, фотореалистік жануарлар суреттері қолданылды. Бұл өз кезегінде көрермендерге жабайы табиғаттың  тылсым көріністерін көз алдына барынша шынайы елестетуге және Мауглидің шытырманға толы ерлік істеріне куә болуға мүмкіндік береді.

  • Мауглидің рөліне мыңдаған үміткерлердің ішінен он жастағы Нил Сетхи таңдалып алынды.

  • 1890 жылдардың басында Вермонт қаласында жазушы Редьярд Киплинг қысқа әңгімелермен жұмыс жасай отырып оны "Джунгли кітабы" шығармалар жинағына топтастырды.


Жоба ұйымдастырушылары: «Болашақ» Қауымдастығы, Алматы қаласы әкімшілігінің және «Меломан» компаниясының қолдауымен.

Жобаның бас демеушілері: «Bank RBK» АҚ, «Exclusive Strоy» ЖШС.

Анықтама:

Түпнұсқаны дыбыстаған актерлар: Бен Кингсли, Скарлетт Йоханссон, Билл Мюррей, Кристофер Уокен, Лупита Нионго, Идрис Эльба.

Рекомендовать
Баталов
Баталов 26 мар. 2016 00:12
Последние новости