Мәсімовтың жақтастары жанжал іздеуде: олар Ақорданы БҰҰ-мен қорқытқысы келеді

Dalanews 11 апр. 2023 05:55 1039

Мәсімов құрықталған мезетте алыс құрлықтағы Аризона штатында оған араша сұраған сайт ашылған. Порталды атышулы америкалық лоббист, Мәсімовтың қорғаушысы – Дэвид Меркель ұдайы жаңартып отырады, – деп хабарлайды Dala Inside арнасы.

"Мұрттыны" жазықсыз жапа шеккен, саяси қуғын-сүргін көрген қайраткер деп сипаттайды, сондықтан сайттың контентін сүзіп жатпай-ақ қоялық. Dalainside соның алдында бұл туралы анық-қанық мәлімет берген.

Сөйткен Меркель тағы бір құйтырқы әрекетке барғанға ұқсайды. Америкалық лоббистің айтуынша БҰҰ-дағы жұмысшы топ Мәсімовке қатысты тергеу амалдарының астыртын, жасырын жүріп жатқанына наразы.

Мәсімовтің ет жақындарына іс барысы туралы ақпарат берілмейді, жүздесуге де рұқсат жоқ. Оның жөн-жосықсыз қамауға алынуы адам құқықтарын табанға таптаудың айқын көрінісі.

Сөй деген БҰҰ-дағы Мәсімовтың "жанашырлары" ел билігінен келесідей шара қабылдауды:


"Мұрттыны" сөзбұйдаға салмай, бұғаудан босатуды;

Абақтыда ас-судан тарығып, табанынан сыз өткені үшін қомақты өтемақы төлеуді;

Оны түрмеде шірітпек болғандардың үстінен қылмыстық іс қозғауды талап еткен.

Жаңылыспасақ, бұл былтырғы жылдың қазан айындағы жолдау. Жаңа Қазақстан жұмысшы топқа Ақорданың аяғына шырматылмай, аулақ жүруге кеңес берген. "Мәселені ушықтырмай, нақты фактілерді алдымызға тосыңыздар, талқылауға дайынбыз" деп қысқа қайырған еді СІМ өкілдері.

Меркельдің айтуынша не нәрсенің де мерзімі бар, қазақ билігі БҰҰ-ның үндеуін елеусіз қалдыра алмайды, бұған байланысты сәуірдің 25-іне дейін есеп беруі тиіс.


"Мәсімов? Жәбірленушім күннің көзі түспейтін, бір кісілік камерада отыр. Оның ағайын-туысын "аса құпия" деген желеумен сот процесіне жолатпауда. Қазақ билігі БҰҰ талабына құлақ асып, Мәсімовке бостандық беруге құлықсыз...", - дейді "мұрттының" адвокаты.

DALA INSIDE оның сөзін сөйлеуден аулақ. Қазақтар Мәсімовке әлдеқашан әділ бағасын берген. Ал Жаңа Қазақстан үшін Мәсімовтың қорғаушысы бас ауруға айналатын түрі бар. Меркельдің мәлім еткеніндей АҚШ Мемдепартаментідегі ықпалды тұлғалар ҰҚК-ның экс-төрағасына болысуға әзір. Бұлардың босағасын тоздырған Меркель "мұрттының" үгіт-насихатын үдетіп жатқанға ұқсайды.

 

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркеліп алыңыз?

Dala Inside


Тағы оқыңыз:

https://dalanews.kz/ekonomika/87921-pff-kholdingining-qozhayyny-renata-kellner

 

Рекомендовать
Последние новости