Мәсімовті қамақта ұстау мерзімі ұзартылды

Dalanews 12 мая 2022 11:42 860

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімовті қамақта ұстау мерзімі 6 маусымға дейін ұзартылды. Бұл жайындағы ақпаратты ҰҚК-ның баспасөз қызметті таратты.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел-тергеу тобы К.Мәсімовке, Ә. Садықұловқа және Д.Ержоғинге қатысты қылмысты әлі тергеу үстінде. Оларға «Қылмыстық кодекстің» бірнеше тармақтары бойынша айып тағылып, тергеу амалдары жүргізілуде» делінген ведмостваның баспасөз қызметі тартқан хабарламада.

Сол себепті Мәсімов пен Садықұловқа қатысты тергеу амалдары 2022 жылдың 6 маусымына дейін, ал Ерожинге қатысты тергеу-тексреу жұмыстары 2022 жылдың 13 маусымына дейін ұзартылды.

Естеріңізге саламыз ҰҚК экс-басшысы үстіміздегі жылдың қаңтар айында мемлекет мүддесіне опасыздық жасады деген күдікпен ұсталған еді. Содан бері тергеу-тексреу амалдары жүргізілуде.

 

 

Рекомендовать
Последние новости