Марстағы көлдердің табанында тіршілік бар ма?

Dalanews 05 нояб. 2018 03:12 1248

Ғарыш кеңістігін зерттеушілер Марстың бетінде кезінде көл болған деген 33 нүктені анықтап, ол жерден тіршілік белгісін табуға кірісті.

Жердегі қалыптасқан заңдылық бойынша су болған жерде тіршілік пайда болатыны белгілі. Ғалымдар Марстың бетіндегі үлкен қазан шұңқырларды зерттей келе, кезінде Қызыл ғаламшарда судың мол қоры болған деген байлам жасағанына біраз жылдың жүзі болған-ды.

Ұзақ зерттеп-зерделеудің нәтижесінде ғалымдар Қызыл ғаламшардағы Геллас бассейіндер массивінің солтүстік-шығыс жағынынан тіршілік нышанын табуға болатынын жайындағы жорамалдармен бөлісті.  Олардың Марстағы 33 көлдің орнын зерттеген ғылыми мақалаларын Astrobiology ғылыми журналынан оқуға болады.

Зерттеу жұмыстарымен SETI институты мен Эймс ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдары айналысқанын айта кетуіміз керек. Олар тіршілік іздері табылып қалуы мүмкін деген ондаған қазан шұңқырды белгілеп қойды. Егер ғалымдардың болжамы анықталса, тек Жерде ғана тіршілік бар деген пайым өзгеріске ұшырауы мүмкін.

[caption id="attachment_39602" align="aligncenter" width="1200"]Геллас массивінің зерттелген қартасы. Көкшіл аумақтар бұрынғы көлдердің орыны, ал қошқыл көк сызықтар жазық аумақтағы каналдардың сұлбасы. Геллас массивінің зерттелген қартасы. Көкшіл аумақтар бұрынғы көлдердің орыны, ал қошқыл көк сызықтар жазық аумақтағы каналдардың сұлбасы.[/caption]

Ғалымдар зерттеу барысында аймаққа гидрогеографиялық сараптама жүргізіп, әрбір нысанды терең зерттеп, көлге құятын өзендер мен арықтардың сұлбасын дәл табуға күш салған. Осындай ыждаһатты ізденістің арқасында тіршілік көзі сақталуы мүмкін деген 33 аумақ білгіленіпті. Жаңа зерттеу Марстың геологиялық ерекшелігінің құпиясын ашып қана қоймайды, сонынмен қатар Қызыл ғаламшарда кезінде тіршілік болып, болмағанына қатысты нақты жауап табуға ықпал етеді.

Мамандар бүгінде құрғап қалған Марстағы көлдердің табандарынан биологиялық мәліметтер табылатынан үмітті отыр. Сондықтан олар Қызыл ғаламшарға зерттеу құрылғыларын қондырғанда аталған аумаққа қондырып, Марста тіршілік болып, болмағанына зерттеу қажет екенін алға тартып отыр.

Рекомендовать
Последние новости