Маралдыдағы алтын дауы: Зауыт құрылысын қолдаған ауыл тұрғындары қысым көруде

Dalanews 25 янв. 2024 10:40 1978

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Маралды ауылындағы алтын өндіру ісі қолға алынған күннен бері түрлі кедергілерге тап болуда. Бұл жоба ауылды былай қойғанда, тұтас облыстың мультипликативтік дамуына ықпал ететін маңызды жоба.

 Жоба еліміздің қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес барлық рұқсат беру рәсімдерінен өтіп, құзыретті органдардың шешімдерімен расталған.

Маралдығы алтын өндірісіне Экология және Табиғи ресурстар, Өнеркәсіп және Құрылыс вице-министрлері арнайы жұмыс сапармен келіп, жобаны жүзеге асыруда барысында қандайда бір заңбұзушылықты байқамады. Жауапты азаматтар ауыл тұрғындармен кездесіп, жобаны тоқтатуға заңды негіздердің жоқтығын жан-жақты түсіндірген болатын.

Көптеген тексерістердің нәтижесі бойынша фабриканың құрылысы мен одан арғы жұмысында заң бұзушылықтарды байқалмады. Осыдан кейін мамандар құзырлы орындар зауыттың жұмысы барлық ережелер мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес екенін айтып түсіндірді.

Тәуелсіз мамандардың пікірлеріне құлақ ассаңыз, зауыт қызметі қоршаған орта мен адамдар өмірі үшін қауіпсіз екенін көз жеткізуге болады. Оның үстіне дәл осындай маңызды жобалар қазір еліміздің өзге өңірлерінде табысты жүзеге асуда.

Алайда қоғамдық тыңдауларда, одан кейін әлеуметтік желілерде арандатушы топтар зауыт құрылысына барлық кезеңде қарсылық білдіріп, жұмыстың алға басуына кедергі келтіруде. Әлеуметтік желіде жарияланған бейнематериалдардан ауылдық клубтың залына халықты кіргізбей, қоғамдық тыңдаулардың шырқын бұзуға тырысқандарды анық көруге болады.

Ауыл тұрғындарының зауыт құрылысын қолдап, тыңдауларға қатысып, өз пікірлерін білдіргені үшін үнемі қорқытуларға тап болып, зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Бұған Маралды ауылының тұрғындарының Күршім аудандық сотына келіп түскен құқықтық қорғау туралы оннан астам арыз-шағымы айқын дәлел болады.


Өз өмірлеріне қауіп төнген кейбір ауыл тұрғындары ел Президентіне үндеу жазып, арша сұраған.

Ауыл халқы зауыттың экологиялық нормаларды сақтай отырып, жұмыс істегенін қалайды. Егер алтын өндірісі толықтай іске асқан жағдайда Маралды ауылының тұрғындары лайықты жұмыс тауып, ауылға оралатыны сөзсіз.

Бүгінде тәуелсіз сарапшылар да Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы «Maralicha Cold» тау-кен компаниясы» ЖШС қызметінің төңірегінде жасанды дау-шардың соңғы 2 жылда қыза түскенін алға тартуда.

Мүдделі топтың арыз-шағымдары негізінде республикалық және жергілікті өнеркәсіп басқармаларымен көптеген жоспардан тыс тексерулер жүргізіп, жоба мен компанияның қызметінен заң бұзушылықтарды таппаған.


Есесіне мемлекеттік органдар наразылық білідірушілердің артында белгілі бір мүдделі топтың тұрғанын анықтады. Жоқ жерден жік шығарушылар зауыт ашудың нақты фактілері мен артықшылықтарына назар аудармай, қарапайым халықтың санасын манипуляциялауға тырысуда.

Компания басшылығы Маралды ауылдық округінің тұрғындарын қолдау үшін барынша әлеуметтік міндеттемелерді мойнына алуға дайын екенін алға тартқан болатын. Биылдың өзінде компания ауыл тұрғындарын көмірмен қамтамасыз етіп, олардың тұрмысына жәрдем қолын созды. Бұдан басқа серіктестік өздерінде жұмыс істейтін мүгедектер мен аудан тұрғындарын баспанамен қамтамасыз етуді, мектептер мен ауруханаларды жөндеуді және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықылас танытып отыр.

Сонымен қатар компания биылғы оқу жылынан бастап ел аумағындағы жоғары және орта оқу орындарында Маралды ауылының 15 баласын таңдаған мамандықтары бойынша оқытуды көздеп отыр.


Кәсіпорын жұмысы аудандағы ауылдардың ғана емес, өңірде шағын және орта бизнестің де дамуына жол ашатыны сөзсіз. Өндіріс орыны ауыл халықын жұмыспен қамтып, ақша табуына мүмкіндік береді.

Бұдан басқа кәсіпорын мамандарды оқытып, оларға әлеуметтік кепілдіктер беруге де дайын екенін айта кетуіміз керек. Осындай игілікке іске қазір ауыл тұрғындарының мүддесі мен өңірдің дамуына бей-жай қарайтын адамдар тарапынан қауіп төніп тұр.

Айтпақшы, келесі қоғамдық тыңдау ертең, яғни, 26 қаңтар күні өтеді. Бұл жолғы қоғамдық тыңдауда ауыл тұрғындарына жалған ақпаратты тықпалап, қоғамдық пікірді бұрмаламай, қоғамдық тыңдауда шындықты айту маңызды болып тұр.


Өйткені компанияның қызметі ашық, тиімділігі мен қауіпсіздігі эколог сарапшылар және жер қатынастары департаментінің және басқа да министрліктер мен ведомстволардың өкілдерімен расталған. Сондықтан бұл жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік беру өте маңызды.

Өз кезегінде ШҚО прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес адамдардың алдын ала сөз байласып, қоғамдық тәртіпті бұзуы, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қайшы жалған әңгімелерді ақпарат құралдары мен телекоммуникация желілерін тарту заңмен қудаланатынын ескертіп отыр. Сондықтан алдағы тыңдауда жұрттың арасына жік салып, қарапайым халықты арандатуға жол берілмеу керек.

 

https://dalanews.kz/sadak/98498-baybek-pen-sagyntaevtyng-ustnen-is-qo

Рекомендовать
Последние новости