Мақтаарал ауданының тұрғындары сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді

Dalanews 19 июл. 2017 09:13 1352

Мақтаарал ауданының тұрғындарын сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында Өзбекстан Республикасының электр желілері пайдаланыла бастады. Нақтырақ айтсақ, Мақтаарал ауданы Қазақстанның солтүстігінен тасымалданатын электр жарығын Өзбекстан электр желілерін пайдалану арқылы қабылдауға мүмкіндік алып отыр.

Бұл   келісімге Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ағымдағы жылдың 23 ақпанында Ташкентте өткен үкіметаралық комиссиясы отырысының қорытындысында қол жеткізген болатын. Нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындары  мен өндірістік кәсіпорын тұтынушылары сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етіліп отыр.

Екіжақтыкелісімгесай «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШСМақтаарал  ауданыаумағында  6,32 шақырым  110 кВ-тықэлектржелісініңқұрылысынжүргізіп, 110 кВ-тыққосымшаұяшықорнатыпӨзбекстанРеспубликасының «Феруз» электржелісінеқосылды.Жүзеге асқан жоба негізінде электр желілері арқылы 60 МВт-қа дейін электр энергиясын тасымалдауға мүмкіндік бар. 

Айта кету керек, қазіргі таңда  Өзбекстан Республикасы электр желілері арқылы Қазақстан Республикасының   солтүстік өңірінен қажеттілікке байланысты 21 МВт электр энергия тасымалдануда.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости