Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға пәтер, үй, саяжай, гараж және басқа да жер учаскелері үшін 2024 жылға есептелген мүлік салығын уақытында төлеуді ескертті. Бұл төлем барлық жылжымайтын мүлік иелеріне міндетті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қалай хабарланды?
Салық сомасы туралы қағаз түріндегі хабарламалар шілдеде жіберілген. Сонымен бірге, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар да таратылған.
Уақытында төлемеген жағдайда:
-
1 қазаннан кейін әр кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі.
-
Салық органдары борышкерге қарыз туралы ескерту жібереді.
-
14 қарашадан бастап 1 АЕК-тен (3 692 теңге) жоғары берешек болса, өндіріп алу туралы салық бұйрығы шығарылады.
-
Егер бұдан кейінгі 5 жұмыс күні ішінде төлем жасалмаса, құжаттар жеке сот орындаушыларына беріледі.
Жеке сот орындаушыларының өкілеттіктері:
-
Борышкердің банк шоттары мен қаржысын бұғаттау;
-
Жылжымайтын мүлік пен өзге де мүлікке қатысты мәмілелерді шектеу;
-
Егер қарыз 40 АЕК-тен (147 680 теңге) асса, борышкердің елден шығуына тыйым салу.