Маңғыстаудағы жағдай: Газ бағасын реттеуге қатысты облыстық қоғамдық комиссия құрылды

Dalanews 04 янв. 2022 09:25 818

Маңғыстау облысындағы қоғамдық-саяси ахуалға байланысты облыстық қоғамдық комиссия құрылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгінде сұйытылған газ бағасының Маңғыстауда күрт өсуіне байланысты халық наразылығын білдіруде.

Ел өзінің уәжін билікке жеткізіп, талаптарының орындалуын сұрауда. Бұл, дұрыс деп есептейміз. Осы мәселеге байланысты Маңғыстаудың бірнеше азаматтары қоғамдық штаб ұйымдастырды.

Штаб мүшелері осы өңірдің өзіміз танитын жігіттерінен құралған. Әлеуметтік желілерден және тікелей телефонымызға Маңғыстаудың азаматтары шығып  осы іске араласуды сұрауда.

Елдің бірлігі, халықтың тыныштығы, Маңғыстаудың амандығы барлығымыздың ортақ абыройымыз, ағайын! Қоғамдық штабтың негізгі мақсаты – елдің талабын Үкімет комиссиясына жеткізіп, сұйытылған мұнай-газ мәселесін шешуге атсалысу.  Біз, осыған жұмыстанамыз!

Маңғыстау облыстық қоғамдық комиссия мүшелері:

Жаңбыршин Еділ – ҚР Парламент мәжілісінің депутаты,

Мұсабаев Самат – ҚР Парламент мәжілісінің депутаты,

Өрісбаев Аббат – Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты,

Сүгірбай Аят – Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты,

Ерсайынұлы Уәйс – Ақтау қалалық мәслихатының депутаты,

Бимағамбет Әнуар – ақын, журналист,

Алмас Алтай – журналист.

Рекомендовать
Последние новости