Маңғыстау облысында 40-қа жуық жетім бала үй кезегіне қойылмаған

Қаракөз Амантай 23 окт. 2024 15:26 2855

Маңғыстау облысында 40-қа жуық жетім баланың үй кезегіне қойылмағаны анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Жаңаөзен қаласында жүргізілген талдау барысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 жетім баланың тұрғын үй кезегіне қойылмағаны анықталды.

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 71-бабына сәйкес жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қоюға міндетті.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде барлық балалар тұрғын үй кезегіне енгізілді.

Заңдылықтың бұзылуына жол берген ТКШ бөлімінің бас маманы тәртіптік жауаптылыққа тартылды", - делінген хабарламада.

 


Рекомендовать
Последние новости