Мәмин: "ҰБТ-ға кіретін балаларды тексеру жылдам және дұрыс өтуі керек"

Dalanews 18 июн. 2019 05:23 822

Қазақстанның премьер-министрі алда келе жатқан бірыңғай ұлттық тестілеуге байланысты тапсырмалар берді.

ҰБТ-да балаларды тексеру мейлінше жылдам және дұрыс формада өтуі тиіс, деді Асқар Мәмин үкімет отырысында.
- 20 маусымда грантқа ие болғысы келетіндер үшін тестілеу басталады. ҰБТ-ға толық дайындық қамтамасыз етілсін. Министрліктің мақсаты тестілеу өтетін барлық орындардың жұмысын үйлестіру. ІІМ, Денсаулық сақтау министрлігі мен ҰҚК ҰБТ қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шаралардың барлығын қолға алсын. ҰБТ-да балаларды тексеру мейлінше жылдам және дұрыс формада өтуі тиіс, - деп тапсырды Мәмин.

Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл ҰБТ маусымның 20-сы мен 30-ы аралығында 169 жерде өтетінін мәлім еткен. Тестілеуге 117 242 адам қатысады деп күтілуде.

Рекомендовать
Последние новости