Мәмбет Қойгелді: Азаттық тақырыбы – мәңгілік тақырып

Dalanews 21 июн. 2015 23:17 1423

Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ, тарих ғылымдарының докторы, профессор

– Ермұхан Бекмаханов қазақ тарихында үлкен із қалдырған тұлға. Сіздің пайымдауыңызша,Бекмаханов төл тарихымыздың түгенделуіне қаншалықты жүйелі еңбек атқарды?

[caption id="attachment_11086" align="alignright" width="210"]ermuch Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов[/caption]

– Жалпы, тарихи шындық асыра мақтауды немесе негізсіз даттауды көтермейді. Тарихшының міндеті мүмкін болғанша объективті шындықты анықтауы керек. Сонда ғана оның жұмысы баянды болмақ. Соның ішінде Ермұхан Бекмаханов ғалым ретінде, тұлға ретінде тарихымызда өз орнын анықтаған. Меніңше, қоғам тарапынан болсын, ғалымдар тарапынан болсын ол кісінің қызметіне шынайы баға берілген деп айтуға болады. Мен Бекмахановтың ҰҚК мұрағаттар қорындағы екі үлкен томнан тұратын тергеу материалдарымен таныстым. Бекмахановтың ғана емес, онымен бірге абақтыға жабылып, сол кездегі түрме азабын көрген тарихшы Бекежан Сүлейменовтің, үлкен әдебиетші-ғалым Есмағанбет Ысмайыловтың да екі томдық тергеу материалдары бар. Сонымен қатар осы кезде абақтыға жабылған жазушы Темірғали Нұртазинның тергеу материалдарымен таныстым. 40-жылдардың аяғы, 50-жылдардың басында Бекмаханов неге қудалауға ұшырады?Оның қандай себептері бар? Осы сияқты сұрақтарға сол құжаттармен таныса отырып жауап табуға болады. Сол кездегі қудалаудың хронологиялық тізбегі төмендегідей,1951 жылы абақтыға ең алғашқы жабылған Есмағанбет Ысмайылов, содан кейін Бекежан Сүлейменов, үшінші болып Ермұхан Бекмаханов жабылды.

– Бекмаханов еңбектерінің сынға алынып, өзі қудалауға ұшырауына өзіміздің қазақтың көре алмастығы себеп болған деген әңгіме көп айтылып жүр. Тіптен оған жала жапқан бірнеше адамдардың аты да аталады. Расында, Бекмаханов осындай көреалмаушылық пен надандықтың құрбаны ма?

– Осындай пікірлерді менде естіп қалам. Қазақтар бірін-бірі ұстап берген, репрессияға да себепші болған қазақтардың өзара алауыздығы деген секілді. Мен ҰҚК-нің мұрағаттарымен біраз жұмыс істеген адам ретінде бұл пікірлерге түбегейлі қарсымын.
Егер біз репрессияға байланысты іргелі зерттеу жұмыстарын жүргізбесек, қуғын-сүргінге байланысты зерттеу еңбектер мен монографиялар жарияланбаса, құжаттар көрсетілмесе, шындық айтылмаса, қоғамға жетпесе, онда бізге ресейлік ғалымдардың жасаған тұжырымдарын қабылдауға тура келеді. Солардың айтқанымен келісуіміз керек. Ондай қадам тарих үшін де, болашақ үшін де ұят нәрсе. Дербес таным саласы ретінде тарих ғылымын да жауып тастауымыз керек. Өз міндетін атқара алмаған тарихтың керегі қанша?

 

Бұл дұрыс пікір емес, негізсіз пікір. Әрине, ондай көрсетулер болған, оны жоққа шығаруға болмайды. Мүмкін қызғаныш, көреалмаушылық болған шығар. Бірақ мұны жалпы қоғамдық құбылыс деп айтуға болмайды. Оған негіз жоқ. Ондай көрсетулер басқа халықтарда да болған. Мәселен, бізбен көрші, тағдырлас елдерде де. Осылай екен деп, оны жалпы халыққа таңуға болмайды. Екіншіден, осы пікірлерге себепші болып отырған мәселе осы күнге дейін репрессия материалдарының толық жарияланбауы. Егер бұл материалдар толықтай жарияланатын болса, ел ішіндегі сыбыстар, негізсіз сөздер, өтірік аңыздар тыйылатын еді. Сондықтан мұндай пікірлерден арылу үшін репрессия материалдарын мүмкін болғанша толығырақ жариялаған дұрыс. 1998 жылы біздің елімізде қабылданған «Мемлекеттік құпиялар» туралы заңдық акті бар. Оған Президент қол қойып, бекіткен. Соның 17-бабы және т.б. баптарында көрсетілген шешімге сәйкес: «Репрессия материалдары 30 жылдан кейін жариялануы тиіс» делінген. Яғни, зерттеушілерге берілуі тиіс. Әрине, 30 жылдан кейін де жарияланбауға тиіс материалдар бар. Олар мемлекетке, қоғамға қарсы тіміскі шпиондық әркеттер туралы құжаттар. Ал репрессия материалдары, анықтап айтқанда, өткен ғасырдың 20, 30, 50 жылдарындағы тоталитарлық жүйе жағдайындағы материалдар ешқандай құпия сақтауға жатпайтын құжаттар. КСРО кезінде ҰҚК-нің тарапынан айтылған:  «Егер репрессия материалдарын жарияласақ, бір жағында репрессия құрбандарының туған-туысқандары, екінші жағында соларды ұстап бергендер болып қоғам екіге бөлініп кетеді», – деген сөз бар. Ол да қисынға келмейтін өтірік әңгіме. Бұл КГБ-ның таратқан өсегі. Демек, репрессия материалдарын жариялаудан қоғам екіге бөлінбейді. Ол материалдардың жарияланбауына себеп іздесек, бұған мүдделі – Ресей. Олар КСРО кезіндегі ОГПУ, НКВД, МГБ, КГБ-лардың қылмысын жасырғысы келеді. Олар империялық биліктің қазақ еліне көрсеткен қиянатын, зорлығын көлегейлеуге тырысады. Осы мақсатпен репрессия материалдарын жариялауға қарсы. Кезінде олар КСРО құрамында болған республикаларға ұсыныстар тастаған болатын. Яғни, құпия материалдарды жарияламас бұрын Ресеймен ақылдасып, келісіп отыру туралы. Оған біраз мемлекеттер келіскенімен, Қазақстан ол ұсынысқа қол қойған жоқ. Бұл өте дұрыс шешім болды. Өйткені біз тәуелсіз мемлекетпіз. Өз тарихымызды қорыту өзіміздің ғана қолымызда болуы керек. Сол себепті тарихи шындық ашылуы керек. Егер тарихи шындық ашылмаса, КСРО тарихын зерделеу мүмкін емес. Бұл оларға да пайда әкелмейді. Оны құпия сақтаған сайын түрлі жалған аңыздар мен өсек-аяңдар  салтанат құрады деген сөз. Тарихи шындықтың ашылмауы біз үшін де зиян. Егер біз репрессияға байланысты іргелі зерттеу жұмыстарын жүргізбесек, қуғын-сүргінге байланысты зерттеу еңбектер мен монографиялар жарияланбаса, құжаттар көрсетілмесе, шындық айтылмаса, қоғамға жетпесе, онда бізге ресейлік ғалымдардың жасаған тұжырымдарын қабылдауға тура келеді. Солардың айтқанымен келісуіміз керек. Ондай қадам тарих үшін де, болашақ үшін де ұят нәрсе. Дербес таным саласы ретінде тарих ғылымын да жауып тастауымыз керек. Өз міндетін атқара алмаған тарихтың керегі қанша? Біз өз халқымызды сыйлауымыз қажет. Халықты тарих тұрғысынан сыйлау дегеніміз олардың шындықты білуі. Сондықтан халыққа тарихи шындықты білуге көмектесуіміз қажет. Тарихи шындықты білген халық – ол алғыр, мықты халық. Ол өзіне өзі сенімді халық. Ал тарихи шындықты білмеген халық жалтақ әрі қорқақ болады. Біз халқымызды білімді, интеллектуалды, ақылды, өз мүддесін қорғай алатын халық тұрғысынан көргіміз келсе, оған тарихи шындықты білуге және меңгеруге әрі өз қажетіне жаратуға қолдау көрсетуіміз қажет. Бұл, әрине, мемлекеттің қолдауымен жүргізілетін іс. Ал мемлекет тарихшыларға осы жүкті артса, тарихшы-ғалымдар бұл міндетті орындауға тиіс.


– Сіз бір сөзіңізде 1920-1930 жылдардағы ашаршылық пен репрессия үшін «Ресей бізден кешірім сұрауы керек» деген болатынсыз. Бірақ Ресейдің кешірім сұрау ойында да жоқ. Оның дәлелі киіктердің қырылуы, экологиялық өтемақылардың төленбеуі, орыс шовинистерінің аузымен айтылған қазаққа қарсы пікірлерді жауапсыз қалдыруы, Еуразиялық Одақтағы теңсіздік т.б. Осы жағдайлардың әсерінде отырып біз Ресейден қалай кешірім сұратамыз?

1_222– Бұл үлкен мәселе. Қазақстан мен Ресей, қазақ халқы мен орыс халқының арасындағы қатынас жақсы болсын десек, олардың қарым-қатынасына байланысты барлық шындықтар ашық айтылуы керек. Жасырын еш нәрсе болмауы керек. Сонда екі тараптың да беті жарық болады. Менің ойымша, біздің елімізде болған советтік реформаларға, қазақ халқына трагедия алып келген тоталитарлық жүйеге, сондай-ақ, біздің бірінші және екінші буын зиялы қауым өкілдерімізді жою саясатына, алдамшы ұлттық саясатына байланысты орыс халқын кінәлауға болмайды. Әрине, орыс халқының белгілі бір бөлігі империялық идеологияның ықпалына түсті. Оны жоққа шығара алмаймыз. Дұрыс емес саяси шешімдер үшін жалпы орыс халқын айыптау жаңсақтық. Халықтар арасында ешқандай жаулық пиғыл жоқ. Біз ондай пиғылды сол кездегі жүйені құраушылардан іздеуіміз керек. Ол сол тұстағы жеке тұлғалардың қызметінен де көрінеді.

– Қызыл империяның қылышынан қан тамып тұрған кезеңде қазақ тарихының айтылмауға тиісті шындықтарын ашып көрсетіп, ғылыми түрде дәлелдегені үшін бүгінгі ұрпақ Бекмахановқа қарыздар екені анық. Әйтсе де, Бекмахановтың тарихшы ретіндегі кәсіби деңгейі қаншалықты жоғары? Және оған Кенесары Қасымұлы тақырыбына келуіне кімдер әсер етті?

[caption id="attachment_11092" align="alignright" width="190"]s01 Мұхтар Омарханұлы Әуезов[/caption]

– Бекмахановтың Кенесары Қасымұлы көтерілісі тақырыбына келуіне Х.Досмұхамедов, М.Тынышпаев секілді т.б. алаш зиялылары әсер етті деген пікір бар. Мен бұл туралы құжаттармен таныспын. Әрине, Х.Досмұхамедов, М.Тынышпаев секілді алаштық топ Воронежде 1932-1937 жылдар аралығында  айдауда жүргені тарихи шындық. Бекмахановтың да Воронеж Педагогикалық Институтының тарих факультетінде оқыған жылдары да соған тұс келеді. Сол кезде Бекмахановтың алаштық зиялылармен танысқаны, олардың пікірін тыңдағаны, араласқаны рас. Ол туралы Халима апамыздың да естелік кітабы бар. Сол себепті де Бекмахановқа Х.Досмұхамедов, М.Тынышпаев секілді алаш зиялыларының ықпалы болды дегенге белгілі дәрежеде келісуге болады. Өйткені олар үлкен, ұлы тұлғалар ғой. Олармен араласып жүріп, ықпалына түспеу мүмкін емес. Оның үстіне олар алаштық ұстанымдағы, ұлт азаттық ұстанымдағы тұлғалар. Бірақ, тарихи деректерге сүйенсек, Бекмахановтың Кенесары Қасымұлы тақырыбына келуіне тікелей ықпал жасаған адам – Мұхтар Әуезов. Мен мұны Бекмахановтың екі томдық ҰҚК-дегі сақтаулы тергеу материалдарымен таныса отырып байқадым. Онда Бекмахановтың өзі де ашық айтады. Бекмахановқа «Бұл тақырыпқа қайдан келдіңіз? Неге келдіңіз?» деген сұрау қойылған. Сонда Бекмаханов екі адамның атын атайды. Біріншісі – Мұхтар Әуезов, екіншісі – Сәбит Мұқанов. Ал енді Әуезовке байланысты   ҰҚК-де құжаттар бар. Әуезов 1930-1932 жылдары алаш зиялыларымен бірге түрмеде болды. Абақтыдан шыққаннан кейін алаштық ұстанымы мен идеологиялық қатынасына байланысты Әлімқан Ермеков екеуі ашық хат жазды. Ол ашық хат сол кездегі «Еңбекші қазақ» пен «Казахстанская правда» газеттерінде жарық көрді. Бірақ олардың өз қолдарымен жазғаны бір бөлек, газетте жарияланғандары бір бөлек. Газет редакциясы оларды жөндеп, күшейтіп, өз ұстанымдарына сай ыңғайлы бағытта өзгерткен.
Халықты тарих тұрғысынан сыйлау дегеніміз олардың шындықты білуі. Сондықтан халыққа тарихи шындықты білуге көмектесуіміз қажет. Тарихи шындықты білген халық – ол алғыр, мықты халық. Ол өзіне өзі сенімді халық. Ал тарихи шындықты білмеген халық жалтақ әрі қорқақ болады. Біз халқымызды білімді, интеллектуалды, ақылды, өз мүддесін қорғай алатын халық тұрғысынан көргіміз келсе, оған тарихи шындықты білуге және меңгеруге әрі өз қажетіне жаратуға қолдау көрсетуіміз қажет.

ҰҚК-нің архивінде сақтаулы материалдарында сол кездегі КСРО мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінің Қазақстандағы өкілі тұжырым жасайды. Оның айтуынша: «Әуезов қазір бұрынғыдай әрекеттерін қойған. Кеңестік билікке қарсы ашық қимылға бармайды. Қазір басқа әдіс-айлаға көшкен. Ол кеңестік идеологияға қарсылығын шәкірттері арқылы көрсетіп жүр. Мәселен, аспиранттарға, ізденушілерге, жас ғалымдарға диссертация тақырыбын береді. Диссертация тақырыбын алаштық яғни ұлтазаттық ұстаным тұрғысынан береді», – делінген. Бұл қорытындының дұрыс екендігін Бекмаханов та растайды. Сол кезде сотталғандардың арасында Қайым Мұхамедханов та бар. Ол Әуезовтың шәкірті болатын. Абайдың ақындық ортасы туралы кітап жазған. Оған тақырып берген Әуезов болатын. 1943 жылы жарық көрген  «История Казахский ССР» кітабының жоспарын Орталық Комитетте талқылау болды. Сол талқылау барысында бұл кітапқа Кенесары Қасымұлы туралы тарауды қоспайық деген пікір айтылады. Ол пікірді айтқан, әрине, біздің қазақтар. Сонда Әуезов орнынан ұшып тұрып: «Егер бұл кітапта Кенесары Қасымұлы қозғалысы туралы айтылмаса, онда бұл кітаптың кімге қажеті бар?» деп өзінің ұстанымын тағы бір көрсетеді. Содан кейін де Бекмаханов Әуезовпен кездесіп тұрады. Сонда Әуезов: «Сен жас жігітсің, ғылымда болашағың бар, сондықтан сен осы тақырыппен айналыс. Осы тақырыпты зертте», – дейді.

Біздің әдебиеттануда қозғалмай келе жатқан бір тақырып бар. Әдебиеттанушыларда бұл тақырыпқа төңіректеп келе алмай жүр. Ол 1920-1930 жылдардағы әдебиеттегі қарсылық ағым. Яғни, Советтік идеологияға қарсы ағымдағы протестік әдебиет. Мен кезінде бұл пікірді М. Жұмабаевқа арналған кітабымда айтқанмын. Деседе, өкінішке орай, әлі күнге жалғасы зерттелмей жүр. Бұл ағымның басында М. Жұмабаев тұр. М. Жұмабаевтың «Алқа-Табалдырық» бағдарламасы соның айғағы. 1925 жылдары қалыптаса бастаған социалистік реализм ағымына қарсы бағытталған, соған балама ретінде жасалған бағдарлама. Сол бағдарламаны қолдаған жазушылар да болды. Соның басында Әуезов тұрды. І. Жансүгіров, Ж. Аймауытов секілді тұлғаларда М. Жұмабаевтың ұстанымын қолдады. Сол арнада 1928 жылы Әуезов өзінің «Хан Кене» драмасын жазды. 1933 жылы сол кездегі республикалық драма театрында, яғни қазіргі М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында қойылды. Бірақ бір рет қойылғаннан кейін репертуардан алынып тасталды. Бұған себепші Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Л.И. Мирзоянның атына жазылған Ғ. Мүсіреповтың хаты болды. Хатта бұл драманың ұлтшылдық сипатта жазылғаны, жалғасты қоюға болмайтындығы туралы айтылған болатын. Соның негізінде талқылау болды. Ол талқылауды жүргізген Өлкелік партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі Ілияс Қабылов. Талқылауға С. Сейфуллин, С.Аспандияров, пьесаның қоюшы режиссері Беков т.б. қатысты. Әуезовтың өзі де бар. Сонда Әуезов: «Мен бұл тақырыпқа жеңіл-желпі келе салған жоқпын. Үлкен даярлықпен келдім. Мен анау Орынбор архивінен бастап, көптеген архивтерде жұмыс жасадым. Содан кейін Кенесарының соңғы шайқасы өткен қырғыз ауылдарын жаяу араладым. Ақсақалдармен сөйлесіп, материал жинадым», – дейді. Бұдан нені көреміз?
Біздің әдебиеттануда қозғалмай келе жатқан бір тақырып бар. Әдебиеттанушыларда бұл тақырыпқа төңіректеп келе алмай жүр. Ол 1920-1930 жылдардағы әдебиеттегі қарсылық ағым. Яғни, Советтік идеологияға қарсы ағымдағы протестік әдебиет. Бұл ағымның басында М. Жұмабаев тұр. М. Жұмабаевтың «Алқа-Табалдырық» бағдарламасы соның айғағы. 1925 жылдары қалыптаса бастаған социалистік реализм ағымына қарсы бағытталған, соған балама ретінде жасалған бағдарлама.

Яғни, Әуезовтың үлкен понорамдық, ауқымды, эпикалық шығарма жазғысы келгендігі байқалады. Азаттық тақырыбына, азаттық идеологиясына Әуезов үлкен даярлық жасап жүрген жазушы болатын. Егерде 30 жылдық сот және сыртынан орнатылған бақылау, қудалау болмаса, Әуезов азаттық тақырыбына үлкен понорамдық шығарма жазуы әбден мүмкін еді. Соның басты кейіпкері Кенесары болуы да ғажап емес. Кейіндеп тоталитарлық жүйенің бағыт-бағдарын, пиғылын түсінгеннен кейін, бұл тақырыптан ығысуға мәжбүр болды. Енді Абай тақырыбына барды. Абай тақырыбына барған күннің өзінде азаттық идеологиясынан бас тартқан жоқ. «Абай» эпопеясы басынан аяғына дейін азаттық ұстанымында жазылған шығарма. «Абай» эпопеясы арқылы қазақ халқының азаттыққа көтерілгенін, сосын жеңілгенін көрсетті. Абайдың трагедиясы –қазақтың трагедиясы.  Абайдың жеңілісі – қазақ ұлтының жеңілісі. Осы арқылы Әуезов өз ойын айтты.

– Сәбит Мұқановтың да Бекмахановқа жасаған ықпалы туралы айта кетсеңіз?

– 30 жылдары жарық көрген Сәбит Мұқановтың қазақ әдебиет тарихына арналған зерттеу еңбектерінде Кенесары Қасымұлы қызметі туралы жағымды пікір айтылады. Сондықтан Бекмаханов өзіне тікелей ықпал еткен адам ретінде Сәбит Мұқановты атап көрсетеді.

– Биыл Бекмахановтың 100 жылдығы. Осы атаулы күнге орай қандай іс-шаралар ұйымдастырылуда? Бекмаханов еңбектерін халыққа қаншалықты дәріптей алып жатырмыз?

– Бекмахановтың еңбегі неден көрінеді? Бекмаханов тоталитарлық жүйе, ауыр идеологиялық қысым жағдайында азаттық идеясын өзінің шығармасында алып шықты. Кенесары Қасымұлы қозғалысы арқылы азаттық идеясының мәңгі екенін көрсетуге тырысты. Оның еңбектерінің маңыздылығы осында. Кенесары Қасымұлы тақырыбы – мәңгілік тақырып. Сондықтан ол көркем шығарма бола ма, ғылыми шығарма бола ма, ешқашан өлмейді. Бекмахановты тарихшылар да, қарапайым халық та бағалайды, қатты құрметтейді. Жақында Бекмаханов  туралы «Аманат» деген көркем фильм шықты. Мен сонда кеңесші болдым. Бұл Бекмаханов тақырыбын игерудің бір көрінісі. Осымен бітті деп айтуға болмайды. Ары қарай жалғасын табады деп сенеміз. Бекмаханов тарихын қорыту процесі жүріп жатыр. Бұл процесті, тарихтағы құбылысты ғалымдар, жазушылар, өнер адамдары жан-жақты зерделеп, бірлесіп игеру керек. Ары қарай дамытуымыз керек. Бұл еш уақытта өзектілігін жоймайтын тақырып. Бекмаханов туралы театрларда спектакльдер қойылса, мұнан басқа да фильмдер түсірілсе, нұр үстіне нұр болар еді. Бұл шараларға мемлекет қолдау көрсетіп отыр. Болашақта бұл тақырыпқа байланысты әлі талай туындылар мен еңбектер жарық көреді деген сенімім мол.

– Сұхбатыңызға рахмет!

 

Сұхбаттасқан Нұрсерік Тілеуқабыл

 

Рекомендовать
Последние новости