Мәжіліс депутаттығына үміткер Мұхтар Ерман сайрамдық жастармен кездесіп, пікір алмасты

Dalanews 21 дек. 2020 12:16 902

Nur Otan партиясының республикалық қоғамдық штаб мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман Сайрам ауданының жастарымен кездесті. Кездесу барысында жастардың өз қабілетін жүзеге асыруына, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне араласуына, білім алуына және еңбек етуін қамтамасыз ету мақсатында партияның сайлауалды бағдарламасында нақты жүзеге асуы көзделіп отырған бағыттарға тоқталып өтті.

Алқалы басқосуда елордадан арнайы келген Мәжіліс депутаты Nur Otan партиясы сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білім алуға арналған гранттар санын 50%-ке көбейту, 2025 жылға қарай жастардың барлығы колледждерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім алуды қаматамасыз ету, 2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақылары 2 есе, магистранттар мен докторанттардікі 1,5 есе көтеруді ұсынып отырғанын айтып берді. Өз кезегінде Мұхтар Ерман мырза:

– Мемлекетіміз қазіргі таңда жастарды қолдауға айрықша көңіл бөліп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жас ғалымдарға жыл сайын 1000 грант бөлу, жылына шамамен 5 мың адамды қамтитын «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосу және жас кәсіпкерлерге жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға жыл сайын 10 мың грант беруді тапсырды. Қазіргі таңда Президенттің бұл тапсырмалары шетінен жүзеге асып жатыр.


Жастарды қолдау аясында алдағы уақытта елімізде 30 мыңнан аса жас «Бастау Бизнес» жобасының шеңберінде өз бизнесін ашу дағдыларын меңгеретін болады. Осылайша ел жастарын Үкімет экономиканы өркендетуге көптеп тартуда, – деп ойын ортаға салды.

Бүгінде бір ғана «Жасыл Ел» жобасы шеңберінде 30 мың жас, оның ішінде 10 мың ауыл жастары жыл сайын маусымдық жұмыстарға тартылуда. Мұндай іргелі істен Сайрам ауданының жастары да шет қалып жатқан жоқ. Кездесуде ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер Мұхтар Тілдәбекұлы «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы аясында жастарды қолдау шараларына кеңінен тоқталды, Сонымен қатар жастардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Кезесудің екінші бөлігі аудан жастары Мұхтар Тілдәбекұлынан комитет жұмысына қатысты, Беларусь мемлекеті мен Қырғыз еліндегі ахуал, Ресейлік депутаттардың мәлімдемесі жайлы пікіралмасты.

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Сайрам ауданының Сайлау қорының есебінен төленді)

Рекомендовать
Последние новости