Мәжіліс депутаттары жаңа Салық кодексін талқылады

Қаракөз Амантай 29 нояб. 2024 16:25 1095

Мәжілісте жаңа Салық кодексінің жобасы талқыланып, оның қолданыстағы заңнамадан басты айырмашылықтары мен негізгі мақсаттары қарастырылды. Отырысқа мәжіліс және мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер мен сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның айтуынша, жаңа Салық кодексі келесі міндеттерді қамтуы тиіс:

"Ең бірінші, тұрақтылық. Қазіргі заңнамаға үнемі енгізілетін өзгерістер бизнеске қиындық тудырады. Сондықтан кодекс тұрақты болуы тиіс, бұл кәсіпкерлерге сенімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Екінші, салық базасын кеңейту. Елдегі 2 миллионға жуық шағын және орта бизнес субъектісін ашық жұмыс істеуге ынталандыру маңызды. “Салық төлеу оны төлемегеннен арзан болуы керек,” – деді Айдос Сарым.

Жаңа заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиевтің мәліметінше, құжатты әзірлеу барысында 12 отырыс өткізілген. Жоба 17 қыркүйекте Мәжілісте таныстырылды.

“Бұл құжаттың басты айырмашылығы – салықтық әкімшілендіру мәселесіне баса назар аударылуында. Мәжілісте құрылған жұмыс тобына депутаттар, мемлекеттік органдар өкілдері, “Атамекен” ҰКП, қоғамдық бірлестік өкілдері мен сарапшылар қатысуда. Әр отырысқа орта есеппен 230 адам қатысады",- деді Берік Бейсенғалиев. 

Жаңа кодекс кәсіпкерлердің салықтық міндеттемелерін оңтайландыруға және заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.


Рекомендовать
Последние новости