Қыста қай компания акцияларын сатып алған тиімді - қор нарығына шолу

Кәмшат Тілеухан 27 нояб. 2024 11:42 576

Freedom Finance Global сарапшылары отандық және америкалық қор нарықтарындағы жағдайға шолу жасады. Сарапшы Данияр Оразбаев бірнеше отандық компаниялар 2024 жылғы ІІІ-тоқсан бойынша оң көрсеткіштерге ие болғанын баса атап көрсетеді. Ал Елдар Шәкенов қыс мезгілі алдында америкалық қор нарығына әсер еткен басты оқиға АҚШ президентінің сайлауы болғанын айтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"KEGOC 2024 жылдың ІІІ тоқсанының қорытындысын жариялады, оған сәйкес компания соңғы 12 айда рекордтық таза кіріске кеңелген.

Kaspi.kz-ның қаржылық және операциялық көрсеткіштері де айтарлықтай өсімді көрсетті. Сонымен қатар, біз компанияның түрік нарығына шығу жоспарын орташа оң бағалаймыз. Өйткені бұл шешім алдағы болашақта өсім қарқынын қолдауда белгілі бір рөл атқара алады.

Тағы бір үміткер - "Теле2/Алтел"мобильді операторын сатудан үлкен қаражатқа ие "Қазақтелеком" АҚ. Бұл ақша дивидент төлеуге, борышты өтеуге және қайта инвестиция жасауға жұмсалады деп үміттенеміз.   Естеріңізде болса, 20212 жылы "Кселл" АҚ-ны сатқаннан кейін "Қазақтелеком" АҚ арнайы дивидендтер төлеген болатын",  деп Forbes.kz сарапшы сөзін келтіреді.

2024 жылдың ІІІ-тоқсанындағы есебі бойынша тағы қандай отандық компаниялар жақсы көрсеткіштерге ие болды?

Бұл ретте Freedom Finance Global мына үштікті атайды: "Эйр Астана" АҚ (+38%), "ҚазТрансОйл" АҚ (+35%), "KEGOC" АҚ (+20%).

Бәрінен осы маусымдағы акциясының бағасы тартымдысы – KEGOC-тікі. 2024 жылғы екінші жартыжылдықта компания жақсы дивиденттер төлейді деп күтіледі. Оның үстіне, компания монополияға қарсы органдарына тарифтерді қайта қарастыруды ұсынып отырған жайы бар. Оның қазіргі уақытта баға/пайда өлшемі 6,5 есе деңгейге жеткен, дегенмен бұл көрсеткіш 2020 жылы 8 - ден 18 есе аралығын қамтыған еді.  

Дивиденттерді санайық

"Әдетте, отандық нарықта дивидендтер көктем мен жаз кезінде төленеді. Дегенмен күзде де төлем жасауды Kaspi.kz мен KEGOC дәстүрге айналдырған. Kaspi.kz-нің бір акциясы 850 теңге тұрады, әдетте жылына 4 рет дивидент төлейді. Ал KEGOC акционерлерін жарты жылда бір рет қуантады және 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында бір акцияға 82,4 теңге төледі, бұл рекордтық мәннен сәл ғана төмен. Биылғы күтпеген жерден  "Қазақстан Халық банкі" АҚ екінші рет дивидент төлегелі жатыр, бір акцияға 9,57 теңге төлеу жоспарланған. Бұған дейін мамыр айында банк акционерлері бір акцияға 25,43 теңгеден алған болатын", - дейді сарапшы Данияр Оразбаев.

Елдар Шәкенов қыс мезгілі алдында америкалық қор нарығына әсер еткен басты оқиға АҚШ президентінің сайлауы болғанын айтады.  Ол ETF қорларына баса мән беруді ұсынады.

 Financial Select Sector SPDR Fund (XLF)

Қаржы секторы. Қаржы саласындағы реттеу мен реформалардың босаңсуы банктердің, сақтандыру компанияларының және аталған сектордың басқа институттарының өсіміне ықпал етуі мүмкін. XLF осы саланың негізгі ойыншыларына либералды саясаттан пайдаға кеңелуге болатынын  мүмкіндіктерге жол ашады.

 Energy Select Sector SPDR Fund (XLE)

Энергетика. Экологиялық реттеуді оңтайландыру және мұнай мен газдың ішкі өндірісін ынталандыру жөніндегі шаралар энергетика секторы үшін қолайлы жағдайлар тудырады. XLE ұзақ мерзімді перспективада пайдаға кеңелтуге мүмкін беретін жетекші мұнай-газ компаниялары акцияларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 iShares U.S. Aerospace & Defense ETF (ITA)

Қорғаныс секторы. Әскери шығындар мен ұлттық қауіпсіздікке бағытталған инвестициялардың ұлғаюы аэроғарыш пен қорғаныс саласындағы компаниялар акцияларының тартымдылығын арттырады. ITA осы саланың көшбасшы компанияларына инвестиция салуға мүмкіндік береді.

iShares Russell 2000 ETF (IWM)

Шағын компаниялар. Реттеу шаралары және ішкі экономикалық өсімге баса назар аудару шағын компаниялар үшін қолайлы орта тудырады. IWM осындай компаниялардың қағазына қол жеткізуге мүмкіндік беретін Russell 2000 индексінің динамикасын бақылайды.

SPDR S&P Metals and Mining ETF (XME)

Металдар және тау-кен өнеркәсібі. Болат пен алюминий имортына тарифтер енгізу америкалық өндіріс орындарына қолдау бола алады. XME осындай саясаттан пайдаға кеңеле алатын металлургия және тау-кен компанияларына назар аударуды ұсынады.

SPDR Gold Shares (GLD)

Алтын. Алтын бағасының ықтимал өсімі салықтық жеңілдіктер мен мемлекеттік шығындардың көбеюі салдарынан АҚШ-тың мемлекеттік қарызының тағы арта түсуі аясында болады. Мұндай жағдайларда инвесторлар дәстүрлі түрде алтын сынды қорғаныс активтерін сатып ала бастайды.   


Рекомендовать
Последние новости