Лукашенко қайда қашып кетті?

Dalanews 22 февр. 2017 08:42 862

Беларуське де тықыр таянған сияқты. Ел президенті Сочиге кетіп қалыпты.

Бұл туралы kaz.365info.kz хабарлады.


Осы елдегі бірқатар оппозициялық сайттардың хабарлауынша Лукашенконың елден кетуіне «арамтамақтарға» арналған заң және осы заңға наразылық танытқан толқулар себеп болған. Заңға сай соңғы алты ай бойы жұмыссыз азаматтар мемлекетке 200 доллар салық төлеуі тиіс.


Халықтың бұған өз жауабы бар. «Елде жұмыс жоқ. Сорақысы, үйде бала бағып отырған әйелдердерге дейін салық төлеуі керек. Әлеуметтік жағынан қорғалмаған бұдан басқа да топтар көп» дейді жұрт.



Лукашенко өз кезегінде жұмыссыз жүргендерді «арамтамақ» деп атап, елдегі екі қолға бір күрек таппай жүрген 400 мың адамға салық төлетпек.

Осыған байланысты толқулар 17 ақпанда басталған. Салық төлемеген жағдайда оның үстеме пайызы өсе береді. Беларусь астанасы мен қатар басқа да қалаларда аталған заңға наразылық танытқан жұрт өз пікірін білдіруде. Ресми дерекке қарағанда, осы күнге дейін 40 мың «борышкер» салық төлепті. Ал бұл жалпы «борышкерлердің» 10 пайызы ғана. Ресми билікті жақтайтын сарапшылар Лукашенконың Сочиге Путинмен кездесу үшін кеткенін айтқан. Алайда күні кеше бұл ақпаратты Путиннің баспасөз хатшыс Песков жоққа шығарды.


Сонда қалай Лукашенко Сочиде не жоғалтты? Бұл оның «төтенше жағдай» кезінде паналайтын мекені болып жүрмесін?..


Рекомендовать
Последние новости