Ләйлә Сұлтанқызын оқушы сынап тастады

Dalanews 03 нояб. 2017 15:34 867

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының 11-сынып оқушысы Мадина Оқас «Ұлан» газетіне жазған мақаласында тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына көңілі толмайтын жазды.



Ауылымыз қаладан шалғай болғандықтан, интернет желісі дұрыс жолға қойылмаған. Ауыл тұрғындарының ермегі – теледидар. Көк жəшікте көпшілікке арналған бағдарлама көп-ақ. Атауы басқа, айтары бір. Отбасыммен отырып мен де біраз хабарды көремін. Бағдарламадан бөлек, шетелдің кино-сериалдары да көп. Байқағаным, «Hit Qazaqstan», «Қызық екен», «Мəселенің» қалыптасқан көрермені бар.

«Хабар» арнасының «Тікелей эфирін» Лəйлə Сұлтанқызы жүргізеді.  Жүргізушінің кəсіби шеберлігіне дауымыз жоқ. Бірақ, тікелей эфирдегі сөйлеу этикасы көңілге қона бермейді. «Еркенің еркелігін кім көтереді?» деген кезекті шығарылымын көрдік. Белгілі əншіні шақырып, түрлі сұрақ қойды. Дегенмен, «жүрген жері шуға айналатын Ерке қыздарыңыз» деп таныстыруы оғаш көрінді. «Жүрген жері шоу» десе білінбей кететін еді. Қазақта жүрген жеріне шөп шықпаған, артынан дауы үзілмеген адамды «атышулы» демеуші ме еді? Одан кейін кейіпкер жайлы бейнесюжет көрсетілді. «Ажырасқан Ерке…», «Еркенің екінші күйеуі кім?», «Жігіттерге жабысқан Ерке» сынды дөрекі сөздері құлаққа түрпідей тиді.

Тікелей эфир барысында, əсіресе, шоу болған соң, əртүрлі жағдайлар жиі кездеседі. Мұндайдан əдемі шығудың жолын білетін Лəйлə ханымның шеберлігіне тəнті боласың. Бірақ, тікелей эфирде тым еркінсіп, құлаққа түрпідей тиетін сөздерді қолданбаса игі еді.

 

Дереккөзі: stan.kz

 

https://dalanews.kz/24503

Рекомендовать
Последние новости