Күн сайын 8 сағат тұрмай отырсаңыз, ағзаға не болады?

Ақтоты Жапатова 07 нояб. 2025 01:00

Қазіргі заманда көпшілік адамның өмірі компьютер мен кеңсе үстелінің айналасында өтеді. Орта есеппен адам күніне 7–9 сағатқа дейін отырады. Ал ғалымдардың айтуынша, ұзақ отыру — жаңа ғасырдың «жасырын індетіне» айналып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz

Ми қызметі баяулайды

Ұзақ уақыт қозғалыссыз отыру қан айналымын бәсеңдетіп, миға оттегінің жетуін азайтады. Нәтижесінде адам тез шаршайды, зейін мен есте сақтау қабілеті төмендейді.

Жүрек пен қан тамырларына қауіп

Дене қозғалысы шектелген сайын, холестерин деңгейі өсіп, қан қоюланады. Бұл инфаркт пен инсульт қаупін арттырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) күніне 8 сағаттан артық отыру жүрек-қан тамыр ауруларын 15–20%-ға арттыратынын анықтаған.

Омыртқа мен буын зардап шегеді

Түнімен ұйықтап, күні бойы отырып жұмыс істеу омыртқаға қосарланған салмақ түсіреді. Нәтижесінде бел, мойын, иық аурулары, остеохондроз және қимыл шектеулері пайда болуы мүмкін.

Артық салмақ пен диабет қаупі

Қозғалыссыз өмір салты зат алмасуды баяулатып, калорияның жиналуына әкеледі. Бұл семіздікке, 2-типтегі қант диабетіне және зат алмасу синдромына жол ашады.

Не істеу керек?

Мамандардың кеңесі бойынша:

  • Әр 30–40 минут сайын 5 минутқа орныңыздан тұрып, аздап жүріп, созылу жаттығуларын жасаңыз;

  • Мүмкіндік болса, жұмыс орнында тұрып жұмыс істеуге арналған үстел қолданыңыз;

  • Түскі үзілісте қысқа серуенге шығыңыз;

  • Аптасына кемінде 150 минут физикалық белсенділікке уақыт бөліңіз.


Рекомендовать
Последние новости